Еуразиялық одақ: тірлік бірге, тізгін бөлек
Біздің оқырмандарды қызықтырып отырғаны – қарапайым адам үшін еуразиялық ықпалдастыру қандай артықшылықтар беретінін білу. Еуразиялық одақтан азаматтар үшін қандай нақты пайда келетіні туралы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жанындағы "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ бас директоры Руслан Сұлтановпен әңгімелестік.
–Руслан Серікұлы, Одақ экономикалық болғандықтан, бірден, біздің азаматтарымызды қызықтырып отырған сұрақты қояйын: халық тұтынатын тауарларға бағалар өсіп жатыр, ол Кеден Одағымен байланысты ма?
– Тамаша сұрақ! Шын мәнінде де, көптеген сарапшылар бағалардың өсуін біздің баждарды Ресей және Беларусьтің баждарымен теңестірумен байланыстырды. Бірақ, баждар үшінші елдерден, яғни ТМД барлық дерлік елдерін біріктіретін Кеден одағына да, еркін сауда аймағына да кірмейтін елдерден келетін импортқа байланысты екенін айтып кетейін. Ал ТМД елдерінен әкелінетін импорт бізде 80% жуығын құрайды. Яғни, тауарлардың 80% Қазақстанға бажсыз әкелінеді. Сондықтан, Кеден одағы көбінесе бағаларға әсер еткен жоқ деп толық сеніммен айтуға болады. Сонымен қатар, біз көріп отырғандай, жыл сайын тек қана импорт емес, ешбір баж салынбайтын өнім де қымбаттап келеді. Менің ойымша, бағалардың өсуіне себептің "ішкі" түбірлері бар: көлік қызметтерінің өсуі, ЖЖМ бағаларының өсуі, еңбек ақы төлеу қорының өсуі және т.б. осы себептер кез келген өндірушінің немесе импорттаушының экономикасына әсерін тигізетіні сөзсіз.
– Соңғы уақыттарда жоғары білім туралы дипломдарды өзара тану туралы мәселе белсенді түрде талқыланып жатыр. Ол біздің бітірушілерімізге не береді?
– Осындай келісім, шынымен жасалып жатыр. Бұрын азаматтар Ресейде немесе Беларусьте жұмысқа кіру үшін жоғары білім туралы дипломдарын растау (нострафикация) талап етілген. Қазіргі уақытта осы рәсім күшін жойған және дипломдары өзара танылатын үш елдердің жоғары оқу орындарының тізімдері жасалу үстінде. Мысалы, "Назарбаев-Университетінің" бітірушісі ММУ немесе Белорусь мемлекеттік университетінің бітірушісі сияқты одақтың барлық елдерінде жұмысқа орналасуға құқылы.
– "Еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы" келісім қабылданды. Ол Қазақстанның қарапайым азаматы үшін не беретінін жан-жақты атап кетіңізші.
– Ең алдымен, ол үш одақтас мемлекеттердің азаматтарына қатысты. Бұрын мемлекеттер жұмысқа рұқсат ету рәсімін орнатып, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жұмыс орындарын квоталады. Осы келісім ондай шектеулерді алып тастайды. Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттен келген жұмысшы еңбек мигрантын қабылдайтын жұмысшылар сияқты кәсіби және әлеуметтік преференцияларды (еңбек құқығы, балаларын мектепке және мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру, медициналық мекемелердің қызметтерін пайдалану мүмкіндігі, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелер) пайдаланады. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс және әскери борышын өтеу шектеу болып табылады. Осы мәселедегі ағымдағы қиындықтар Қазақстаннан келген еңбекші мигранттың табысына салынатын салықпен байла-нысты, ол Ресейде 30% құрайды, ал Қазақстанда жұмыс істейтін ресейліктер 10% төлейді. Қазақстан біздің елдеріміздегі табыс салығын төмендету және теңес-тіруді ұсынды, ресейлік тарап аталған ұсыныспен келісті. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап РФ қазақстандық еңбекші-мигрант-тар үшін табыс салығының ставкасы 10% құрайды.
– Зейнетақы мәселесі, сөзсіз, маңызды. Мәселен, Новосибирскіден Қарағандыға оралып келгісі келетін азаматтарды осы мәселе аса қызықтырады.
– Зейнетақы мәселесі күрделі мәселелердің бірі болып табылады және бүгінгі таңда ұлттық заңдармен реттеледі, біздің зейнетақы жүйелерімізде айырмашылықтар бар. Еңбек өтілін өзара тану туралы мәселе қазіргі уақытта қарастырылып жатыр, ол өте маңызды. Мысалы, жұмыс өтілі 35 жыл құрайтын Новосибирск тұрғыны Қарағанды қаласына көшкен жағдайда өзінің жұмыс өтілін жоғалтып алмайды. Осы мәселемен белсенді түрде Еуразиялық экономикалық комиссия және 3 мемлекеттердің ұлттық үкіметтері айналысуда.
– Одақ экономикалық болғандықтан, осы бірлестік азаматы үшін қандай экономикалық пайда әкеледі?
– Жақсы сұрақ! Азамат ең алдымен тауарлар мен қызметтер таңдауда үлкен мүмкіндіктер алады, соның салдарынан жоғары бәсекелестік импортталатын және жергілікті өнімге нарықтық бағаларды ұстап қалуға әкеп соқтырады. Импортты көбейту де жаңа техника мен технологиялардың келуіне жол ашады. Азаматтар үшін маңызды артықшылық деп ЕАЭС елдеріне кіретін мемлекеттерден шығарылатын өнім сапасына қатысты жоғары стандарттарға ие жоғары талаптар қоюды есептеу қажет. Бірлескен өндірістерді жасаудың және бар өндірушілерді кеңейтудің арқасында әріптес елдердің өткізу нарықтарына бағытталған жаңа жұмыс орындары ашылып отыр.
– Кеден одағын құрған сәттен бастап 4 жыл өтті. Жетістіктермен "мақтануға" болады ма? Біздің еліміздегі ықпалдас-тыру дегеніміз не? –
Әрине, нәтижелер бар. Кеден одағының (шекаралықтан басқа) ішкі шекараларында кедендік және өзге де бақылау түрлері жоққа шығарылатын факт маңызды болып табылады. Ол бизнеске әкімшілік жүктелімді, транзакциялық шығындарды алып тастауды сезінуге мүмкіндік береді, ол өзара сауданың дамуына ықпалын ти-гізеді. Мәселен, Ресей мен Қазақстанның тауар айналымы 2013 жылы 2009 жылғы "ықпалдастыруға дейінгі" жылмен салыстырғанда 87,6% артты және 24,2 млрд. АҚШ долл.құрады. Қазақстанның Кеден одағы елдеріне экспорты 5,9 млрд. АҚШ доллар, ал импорт – 18,4 млрд. АҚШ долларға жуығын құрады. Қазақстандық экспорттың оң динамикасын атап кету қажет, оның өсуі осыған ұқсас мерзімде 64% құрады. Әсіресе, қосылған құны жоғарырақ өңделген тауарлар экспортының өсуі маңызды (97%). Нәтижесінде, қазақстандық экспорттағы өңделген тауарлар үлесі 44,9% дан 54,3% дейін өсті. Кондитерлік бұйымдардың қазақстандық экспорты 4 жылда 9 рет өсті және 35 млн. АҚШ долл.астам, макарон бұйымдары 60%, күріштікі – 5 рет өсті. Сол сияқты шырындардың, автокөлік техникасының, құбырлардың, трансформаторлардың, конденсаторлардың және соңғы тұтынушылар мен кәсіпорындар үшін экспорт еселеп өсті. Ықпалдастық үрдісі үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасымен қоса дамып келе жатқанын айта кету керек, ол мемлекет үшін мықты мультипликативті әсері бар автокөлік құрылысы, фармацевтика және т.с. сияқты салаларды берді.
– Сұхбатыңыз үшін рахмет!
Дайындаған С.МЕҢДІБАЙ.