Анорексия құрбанына айналмайын десеңіз…

Қазіргі бойжеткендердің тым арықтаймыз деп, ақыр соңында анорексия ауруына ұшырап жатқанын білеміз бе? Ағзаның тағам орталығы қызметінің бұзылуы салдарынан тамақтануға физиологиялық қажеттілік бола тұра, тәбеттің болмауынан, одан келе дене салмағы күрт және тез арада төмендеп отыратын бұл ауру соңы өлімге алып келетін қатерлердің қатарына жатқызылып отыр. Бұрын шетелде сән көрсететін әйел адамдар ауыратын бұл дерт енді кез келгенді таңдамайтын болды. Бұның барлығы адамның неғұрлым көрікті, сымбатты, дене бітімі тартылған болып көрінгісі келетіндігінің кесірі. Сымбатты болу кімнің де болса арманы ғой.sb10069429a-002
Әсіресе, бұл тұрғыда қаракөз қыздарымыздың сұлулыққа ерекше құмартып тұратыны рас. Өйткені, дене бітіміңе шашың, бет-әлпетің, жүріс-тұрысың, киген киімің де сай болуы тиіс. Әйтпесе, сенің заман толқынына ілесе алмасың анық. Ал табиғатынан нәзік жаратылған әйелдер қауымы бұл мәселеге келгенде жанкештілік танытып, бір-бірімен бәсекелес болатыны да бесенеден белгілі. Маңдайға жазылған әйелдік түйсік басқалай өмір сүруге жол бере қоймайды. Шамадан тыс арықтаған адамның әл-қуаты төмендеп, тамаққа тәбеті тартпағаны былай тұрсын, өмір сүруге зауқы соқпай қалуы мүмкін.
Анорексияны емдеудің нақтылай жолдары жоқ, дегенмен мамандар ауруды асқындырып алмай тұрғанда, психология­лық көмек көрсете отырып ем жасауға болатындығына тоқталады. Бұл ретте жағдайды ауырлатпай, жақындарды әбігерге түсірмей және ең бастысы, өз өмірімізді өзіміз уламай тұрғанда, саны бар сапасы жоқ диеталардан бойды аулақ салған жөн. Әр нәрсенің өз мөлшері, өз орны болатыны секілді арықтаудың да, дұрыс өмір сүрудің де жөні бөлек екенін ұмытпайық.
Осындай жағдайларда алдымен психиатр мамандармен кеңесу қажет. Себебі, анорексия әртүрлі жағдайда пайда болады. Алдымен дерттің бастапқы себебін анықтап алу маңызды. Адамды депрессияға соқтыратын болғандықтан, ол әлеуметтік және қоғамдық мәселенің біріне айналған. Сондықтан науқас психотерапевтік көмектер алып, дәрі-дәрмектер қабылдап, ең бастысы, өз-өзін тамақ ішуге ынталандыру қажет. Уақыт өткен сайын калориясы жоғары тамақтарды бере отырып, анорексия науқасын біртіндеп қалыпқа келтіруге болады.
Әр нәрсенің өз мөлшері, өз орны болатыны секілді арықтаудың да, дұрыс өмір сүрудің де жөні бөлек екенін естен шығармайық!
 
Ш.ЖАҚСЫЛЫҚ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓