Жайдарманшылар жарқын көңіл сыйлады

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, “Жастар” бастамалар орталығының ұйымдастыруымен қазақ хандығының 550 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде өткен “Жайдарман” ойын-сауық кеші көрермендерге жарқын көңіл сыйлады.

IMG_1306

Ауыл жастарының өнерлерін насихаттау барысында өткен бұл іс-шараға не бәрі бес команда қатысты. Олар өмірдегі кейбір келеңсіздіктерді әжуәлі әзілдерімен жеткізіп, жүзімізге күлкі ұялатты. Бойларындағы тума таланттарын киелі сахнада сарқып берген өнер иелері пародиялық қырыннан да таныла білді. Сәлемдесу кезеңінде “Көкалат  жастар” командасы киелі Торғай жерінің топырағын негізге ала отырып, бүгінгі таңда өркендеп дамып келе жатқандығын айтып, мәртебемізді биіктетті.

IMG_1303

 Ал “Қоңқабай қырандары” өркениетті ел екендігімізді дәлелдеп, ана тілімізді ардақтай отырып, өзге тілдерді құрметтеу керектігін мысалға алып, нысананы дөп көздеді. Ақшығанақ ауылдық округінен келген “Тосын тарландары” барлық қойылымдарын тақырыпқа сай бейімдеген. Сөздің шындығына келсек кемшілік тұстары да жоқ емес. Тек қатыссақ болды деген ниетпен келген командаларда сүйелдей көзге оғаш көрініп тұрды.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені “Тосын тарландары” жеңіп алды. 1-орынды “Жаркөл жастар” командасы иеленді. 2-орын “Қошамет” командасының еншісіне бұйырса, 3-орынды “Көкалат жастары” мен “Қоңқабай қырандыры” теңдей бөлісті.

IMG_1311

Аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров бүгінгі кештен жақсы әсер алғандығын тілге тиек етіп, “Жастар” бастамалар орталығының алғашқы бастамасына оң бағасын беріп, жеңімпаз атанған командаларға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.
 
                                                           Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
                                                               Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓