Биылғы жетістік – жетінші орын

ҚР Премьер – лига командаларының арасында өткен кезекті 31 тур ойындарына сәйкес Қостанайдың «Тобылы» Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдап, 1:0 есебімен басым түсті. Кездесуде соғылған жалғыз доптың авторы Игорь Юрин.

футб

Ойынның 25-ші минутында қорғаушы Нұртас Кургулиннің шығарған пасын ұрымтал сәтте әдемі голға айналдыра білген И.Юрин өз командасына маңызды үш ұпай әперді. Осыдан кейін қоржынына 30 ұпай салған жерлестеріміз турнир кестесіндегі  7-ші орынға мықтап жайғасты. «Тобылдың» өкшесін басып келе жатқан көкшелік команданың еншісінде 26 ұпай бар.

футб4

Енді қостанайлық аяқ-доп шеберлері биылғы чемпионаттың соңғы ойынын сырт алаңда, Талдықорғанның «Жетісуымен» өткізеді. Матч 8-ші қараша күні болады.футб2
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓