Он бір жылға сотталды

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық соты қоғамда дүрбелең тудырған Рудный қаласының тұрғыны Г.Громоваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды. Ол өзімен бірге тұрған С.Зайцевті өлтіруге адам жалдауда кінәлі деп танылды.заказ
Тергеу материалдары бойынша, азаматтық некеде тұрған сотталушы мен жәберленушінің араларында ұлдары болған, одан Зайцев әкелік қамқорлығын аямаған көрінеді. Громова Зайцевпен қарым-қатынасы басталған кезде, 2008 жылы өзінің жұбайымен ажырасқан, ал Зайцев болса өз отбасында қалып, екі жақты өмір сүруді әдетке айналдырған. Мұндай жағдай көңіліне қаяу салғандықтан әйел ішімдікке әуестене бастайды. Громованың өмір сүру салтын дұрыс санамаған жігіт 4 жасар ұлын өз қамқорлығына алу үшін сотқа жүгінеді. Баланың анасы да қарап қалмай, қарсы шағым жазған.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Громова Зайцевқа ұлдарының тұрғылықты жерін анықтау арызынан бас тартатындығын, бірақ бірнеше шартының барлығын айтады. Яғни, әкесі баласымен күн сайын 1 сағат уақытқа кездесуге және 6000 АҚШ доллары көлемінде материалдық өтемақы төлеу шартын қояды. Бұған келіскен жігіт 2200 АҚШ долларын Громованың қолына ұстатады. Ал, әйел бұл ақшадан Зайцевтің өзін өлтіретін адамға төлеуді жоспарлап та қойған. 
Келесі күні Громова тапсырысты қабылдаушы Д.Орловпен кездесіп, Зайцевті өлтіруге тапсырыс беріп, алғашқы жарна ретінде 500 АҚШ долларын береді.  Қалған ақшаны тапсырыс жүзеге асқан соң бермекке уәде еткен. Орлов әйелдің арам ойын құқық қорғау органдары өкілдеріне жеткізеді. Шілденің 2-нен 3-іне қараған түні құқық қорғау органы қызметкерлері Зайцевтің азапталып өлтірілгендігін сомдап, оны ұялы телефон фотоаппаратына түсіріп алады. Ал, 3 шілдеде «кісі өлтіруші» әйелмен кездесіп, оған фотосуреттерді көрсетеді. Ал Громова оған қалған 500 АҚШ долларын берген.
Сот Г.Громованы  ҚР ҚК-нің  28 бабы 3бөлімі, 24 бабының 3 бөлімі, 99 бабының 2 бөлімі 8 тармағы бойынша айыпты деп танып, оған жалпы тәртіптегі түзету колониясында  11 жыл 3 ай мерзімге жазасын өтеу үкімін шығарды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қ.МАРАТҚЫЗЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓