Биші – Гүлфайруз

Жанкелдин ауданы Б.Хамзин атындағы өнер мектебінде өнерлі оқу-шылар ғана оқиды. Қа-шанда өнердегі табыстарымен қуантып отырады.
МеГулфайрус -арекенктебіміздің Ж.Әлімбаева жетек-шілік жасайтын би бөлі-мінің оқушысы Гүлфайруз Қарекен Астана қаласында өткен VIII халықаралық "Ақ көгер-шін" байқауында топтан озып, жүлделі І-орынды жеңіп алды. Жиырма төрт үміткер қатысқан бұл байқауда Гулфайруз А.Байтұрсыновтың "Аққұм" әніне қойылған "Іңкәр қыз" биін, сонымен бірге ұйғырдың ұлттық биін шеберлікпен орындап, көпшілік-тің ғана емес, қазылар алқасының да көңілінен шыға білді. Осы орайда қазылар алқасының төрайымы, биші Т.Ізімова Гүлфайруздың өнеріне ризашылығын біл-діріп, сәттілік тілеп, би деген құдіретті өнерін жалғастыру мақсатында оқуға шақырды. Бұл мектебіміз үшін, ауданымыз үшін үлкен мақтанышпен ауыз толтыра айтатын жеңіс. Жас таланттарды қолдап, демеушілік көрсеткен аудан әкімі А.Кенжеғаринді халықаралық "Ақ көгершін" балалар қорының директоры Т.Ескенова алғыс хатымен марапаттады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓