Жастар театрына – 25 жыл!

Өнер десе ішкен асын жерге қоятын «БАЦ» халықтық жастар театры өзінің 25 жылдығын кең көлемде атап өтті. «Горняк» мәдениет орталығында ұйымдастырылған мерекеге театртдың бұрынғы және қазіргі әртістері, сондай-ақ өнер жанашырлары қатысып, жылы лебіздерін білдіріп жатты.ZFV_8522
Жиынның басты кейіпкері театрға ширек ғасыр жетекшілік жасап келе жатқан режиссер Наталья Кудрявцева болды. Ол 90 жылдарда елдегі саяси және экономикалық ахуалға қарамастан жастардың басын біріктіріп, өнер ұжымын ашты. Барлығы «Светлячок» атты балалар театрынан бастау алып, уақыт өте келе ол «БАЦ» студенттік шығармашылық ұжымына айналды.
-Мен өте бақытты жанмын. Себебі режиссер ретінде армандаған барлық спектаклімді қойып шықтым. Бүгінде театрдың өз аты, тұрақты көрермені бар. Біз премьераға шақырғанда өнерімізді шын бағалайтын адамдар келеді деп ойлаймын. «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады» демекші, олар бірде мақтап, бірде өз ескертулерін жасап жатады, – дейді ол.
Ширек ғасыр бойы Наталья жастарды, сахнаның қасиеті мен құдіретін бойларына сіңдіріп, өнерді сүюге баулып келеді. Бүгінде оның мектебінен 500-ге жуық әртіс тәрбиеленіп шықты. Театр ұжымы осы кезге дейін, ұзын саны, 30-дан астам шығарманы сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. Наталья Кудрявцеваның көптеген шәкірттері өмірде өнер жолын таңдамаса да, олардың барлығын «БАЦ» атты үлкен ұжым біріктіреді.ZFV_8631
Театр құрылғалы оның өркендеп, дамуына кен алыбы да өз үлесін қосып келеді. Сондықтан да бұл мерейлі мерекені «ССКӨБ» АҚ кәсіподақ комитеті де ескерусіз қалдырмады.
-Наталья Кудрявцева қиын-қыстау кезеңде қаланың мәдени өміріне керемет сый жасады. Халықтың көптен бергі сұранысын қанағаттандырып, рухани байлық берді. Бұл «БАЦ» театры болатын, – дейді кәсіпорынның фабрикалық кешенінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Алексей Бойко.ZFV_8778
Бұл жылдар театр үшін қызығы мен шыжығы мол жылдар болды. Бүгінде жас ұжым тәуелсіздікпен бірге нығайып, қалыптасып, қанат қағып келеді. Театр жетекшісінің айтуынша, бүгінде қол жеткізген жетістіктер болашаққа бағдар жасап, жоспар құруға мүмкіндік беретін көрінеді. Оларды жүзеге асыру ұжымның қазіргі жастарына жүктеліп отыр.
Қазіргі таңда театр Уильям Шекспирдің «12-ші түнін» сахналауға зор дайындық үстінде. Бұл тамаша қойылым да жас әртістердің шеберлігін одан әрі шыңдай түсіп, көрерменнің жүрегінен жол табатындығына сенімдіміз.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓