Өнерлінің өрісі кең

«Өнерлі өрге жүзеді», – дейді қазақ. Игі іс, қарым-қабілетін іспен дәлелдеп , талантын тұмшаламай көрсетіп, халқының ықыласына бөленіп жүрген үлгілі жастардың бірі – жерлесіміз Айбек Сыздықов. Айбек жастайынан ән-күйге құмар болып өсті. Оған марқұм ағасы Әбдірашид қажы көп септігін тигізді. Бала кезінен домбыраның құлағында ойнап, домбырашы бала атанды.IMG_5275Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының өнер факультетіне оқуға түсіп, талантты күйші Абай Әмірхановтан тәлім алып, 2005 жылы аталған оқу орнын тәмамдады. Еңбек жолын Алтынсарин аудандық мәдениет үйінен бастаған төрт-бес жылдың айналасында өнер ордасының абыройын асқақтатты. Алғашқы жылдары ұлт аспаптарынан құралған балалар ансамблі жарыққа шықты. «Тарлан» вокальдық дуэті де құрылды. Осы еңбектері көпшілік тарапынан бағаланып, «Бабалар сазы» облыстық байқауының бас жүлдесін еншіледі. Содан соң «Жасай бер, туған жерім Қазақстан» атты патриоттық әндер фестивалінің дипломанты атанды. Араға жыл салып облыстық «Зажги свою звезду» таланттар байқауының «шекті аспап оркестрі» номинациясын жеңіп алды. 2012 жылы «Менің Қазақстаным» атты халықаралық Шәмші әндерінің дипломанты болды. Айбек Әлімжанұлы сондай-ақ, аудан өнерпаздарынан құралған ансамбльдерге көркемдік жетекшілік жасап, ауылдағы мәдениетті үнемі дамытуға еңбек етуде. Атап айтсақ, Біржан Жүзбайдың жетекшілігімен құрылған «Тұран- Торғай» ансамблі 2013 жылғы І-ші облыстық Шәмші әндерінің байқауында қалың жұртшылыққа танылып , сол жылы оның «Мұрагер» ансамблі облыстық «Серпер» ұлт-аспаптар фестивалінде және таяуда ғана өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған өңірлік «Ғасырлар пернесі» фестивалінде өнер көрсетті. Айбек Сыздықов жары – Гүлнұр Қапышева екеуі отбасында қадірлі әке, аяулы ана ретінде балаларын қазақтың ұлттық өнеріне баулып, тәрбиелеп келеді.
 
Нұрболат Мешітбаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓