«Баршаға арналған қазіргі мемлекет»

Міне, осындай  тақырыпта облыс орталығындағы  Л. Толстой  атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға қаламыздың әртүрлі ведомствоның, жоғары оқу орындары мен ұйымдардың өкілдері, облыстық ІІД оқу орталығының тыңдаушылары қатысты. 

IMG_5289

Дөңгелек үстел барысында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша  департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайластықтың алдын алу басқармасының  жетекшісі  Әсет Досекенов, облыстық соттың судьясы Гүлнәр Исмаилова,  кәсіпкерлік-инновациялық даму басқармасының бөлім жетекшісі Талған Майшин, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының сараптама кеңесінің мүшесі Александра Суслова, З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ доценті, заң ғылымдарының кандидаты Людмила Мацупа сөз сөйледі. Шешендер өз сөздерінде  Елбасы ұсынған бес институционалдық реформаны кезең-кезеңімен  жүзеге асырудың және «100 нақты қадамды» өмірге табысты енгізудің маңызды факторы екенін,  кәсіби мемлекеттік аппарат құру мен қызметшілердің біліктілігін арттыру мақсатындағы «Мемлекеттік қызметші туралы» заңға  енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қоғамымызда қызу талқыланып, бүгінде Сенатта қол қойылғанын,  еліміздің сот қызметінде де өзгерістердің болатындығын, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларына оңтайландыру жүргізілетіндігін, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшетіндігі,   Әдеп кодексі қабылданатындығын атап өтті.  

IMG_5296

Облыстық кәсіпкерлік-инновациялық даму басқармасының бөлім жетекшісі Талған Майшиннің айтуынша, аймақтағы  индустриалдық-инновациялық бағдарламасының жүзеге асырылу шеңберінде  мәселен, соңғы бес жыл ішінде өңірімзде  77 обьект ашылып,  төрт мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.  Жиын аясында  «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

IMG_5290

Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓