Мысықтың биіктіктен төрт аяқтап түсуі

Бұл құпияның сыры мысықтың ауада айнала түсіп, жерге төрт аяқтап түсуінде болып отыр. Алайда, бұл координациялық қозға-лыстың арқасында болатын құбылыс. Мысыққа өзіндік теңгерімді ұстап тұруы үшін, сол теңгерімге кепіл беретін оның ішкі құлағы көмектеседі. Мысықтар төртінші қабаттан секіріп кейбірі өліп кетіп, керісінше кейбірі 7 қабаттан секіріп аман қалуы мүмкін. Мысықтардың қандай биіктіктен секіртсе де төр аяқтап түсетіндігі жайлы мәлімет тым әсерленіп айтылған дейді феолинологтар.
мысық суретМысық табиғи апаттардың боларын
сезе ме?
Мысықтар жабайысы болсын, мейлі үй мысығы болсын жер "хабар" беретін сейсмикалық белгілерді ұстай алатыны анық. Оған дәлел жер сілкінісі алдында мысықтар өздерін қоярға жер таба алмай кететіні туралы деректер көп. Су тасқыны кезінде мысықтар ең биік жерге шығып кетеді. Ал, өрт, газбен улану сияқты апаттарда өздерін қорғай алмайды. Тіпті терезеден секіріп кету қабілеттілігі де бұл апаттарда іске аспайтын көрінеді. Өйткені, олар кез келген улы иістерге, яғни, газдарға қарсы төтеп бере алмай, ұйықтай кетеді.
Үйдің қорғаушысы
Мысық үйді жамандық пен кеселден, зұлым күштерден қор-ғайды. Мамық жүнді жануар тышқандарды аңшылық қабілетінен айырылып қалмай және баға жетпес тәуелсіздігін жоғалтып алмас үшін аулайтын көрінеді. Көзден сақтайтын қасиетін білгендер үйіне қара мысық ұстайды екен. Олар басқа мысықтарға қарағанда негативті энергияны жоюға үстемдігі мол. Мамық жануар адамға басқа жануарлар секілді адалдықпен қызмет етпейді. Турасында өзімен-өзі, жеке жанымызда жүреді. Мысықтан адалдық пен сенімділік іздеу қателік. Алайда, сіздің үйге қауіп төнген уақытта мысық әрдайым қасыңыздан табылатынына сеніңіз. Иесінің жағдайы ауыр болғанын сезінсе, мысық қожайынынан ұзақ уақыт бойы алыстамайды.
Мысық пен әйелдер
Көне дәуірге тән суреттерде мысықтар әйелдердің жанынан табылады. Христиан, исламдық діндерге дейін мысықтар әйел бейнесімен байланысты тәңірлермен қатынасы болғаны мәлім. Мысырлықтардың Бастет, гректердің Артемида, римдіктердің Дианасы, скандинавтардың Фрейясы мысық бейнесінде немесе осы жануармен байланысы болған. Христиандық дін дәурен құрған елдерде мысықтардың рөлі кемігені анық.
Экзотикалық жануар
Үй мысықтары әлемде өз орнын адамның қасынан тапқан бірден бір жануар. Малғұндар арасындағы адамның баспанасына қожайынның өз еркімен кіргізілген мысық қана. Адам мен мысықтың кездесуінен яғни, көне мысырлық уақыттан бері мысықтар әлемді бағындыра бастады. Мысықтарды қорғап, қастерлеп, аялап жүрген мысырлықтар бұл жануарды саудалауға тыйым берген. Алғашқы мысық Жерорта теңізінің жағалауына көнеримдік легиондар арқылы заңсыз түрде жеткізілген. Олар мысыққа ерекше экзотикалық жануар ретінде қызығушылық танытқан көрінеді. Ал, дәнді-дақылдарын тышқандардан сақтап қалу үшін олар күзендерді қолданған. Мысықтардың күзет саласынан ойып орын алуы үшін 900 жыл уақыт керек болыпты.
Түйін. Ежелден бері мысық адамды жағалап жүр. Ол сырға толы басқа әлем мен мына жалғанды жалғастырушы жануар ма? Белгісіз. Дегенмен, оны құпиялы мен таңғажайыппен байланыстырғысы келетіндер көп-ақ. Расында, мысық Жаратқанның келесі таңғажайып жаратылыстарының бірі ғана болар.
 
Қуаныш СЕЙДОЛЛАҰЛЫ.

You may also like...

1 Response

  1. Зағипа айтты:

    Нағашым жарықтық мұғалім адам еді.Бір келгенінде үлкендер мысық туралы айтқан әңгіме есімде. 8-9 жасар ерке қыз мысықты бір қылығы үшін төмпештеп ұрыпты. Мысық меңсіз қара мысық екен. Түсі түгелдей қара. Содан әке-шеше бір күні кешке қонаққа кетеді, қыз бала үйде, ұйқыға жатады. Ата-ана тойдан түнделетіп үйге келеді.Келсе қаршадай қыздың күре тамырын әлгі мысық қиып жіберген екен, жазым болыпты. Мысық ізім-қайым жоқ. Қашып кетіп, оралмапты.Меңсіз қара мысық кекшіл болады дейді. Қаншалықты рас, ғылыми негізді, білмеймін. Ал енді көңіл -күй болмағанда мысықты сипаған адамның ептеп қабағы ашылып, сабырлы қалыпқа келетіні рас. Бұл жануардың жүні яки биоөрісі жағымсыз энергияны тартып алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓