Біреудің ажалы – судан…
13 маусым күні Арқалық қаласының Ашутасты ауылында котлованда бір адам суға кетті. Бұл жөнінде төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Арқалық қаласының суда құтқару қызметінің қызметкерлері оқиға болған жерге жедел келіп жетті. Сүңгуірлер суға кеткен адамның жансыз денесін тауып, жағаға алып шықты. 1964 жылы туған ер адам ажалын судан тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 15 маусым күні Қостанай қаласы жанындағы "Геолог" саяжай бірлестігі ауданында суға кеткен жасөспірімнің денесін сүңгуірлер әзір тапқан жоқ.