Жаңа заңды талқылады
Облысымызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының, «Мемлекеттік қызметтің қызметкерлерін басқару жөніндегі ұлттық орталығы» АҚ-нің өкілдері, мамандары және де Қазақстанда мемлекеттік қызметтің жаңа моделін жасауға бағытталған жобаны даярлаған Еуропа Одағының эксперт-мамандары қатысты.
Семинарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары- тәртіптік кеңестің төрағасы Берген Беспалинов ашты. Жиын барысында «Мемлекеттік қызметті реформалаудың халықаралық іс-тәжірибесі» туралы Еуропалық Одақ Жобасының сарапшы маманы Фоедингер Максимилиан,
«Қызметкерлерді басқару моделінің голландтық тәжірибе» жайлы Еуропа Одағы Жобасы директорының орынбасары Константин Сокульский, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет өту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының жетекшісі Әсет Досекенов, «Е-қызмет» ақпараттық жүйені енгізу және оның практикалық аспектісі» туралы «Мемлекеттік қызметтің қызметкерлерін басқару жөніндегі ұлттық орталығы» АҚ-нің бірінші санаттағы бас сарапшы Ғани Зияшев баяндама жасап, өздерінің тақырыптарын жан-жақты талқылап түсіндірді, ұсыныстары мен пікірлерін айтты. Жиналғандар өздерінің көкейдегі сұрақтарын қойды.
Гүлназым САҒИТОВА
Суретте: семинардан көріністер
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ