«Қайырымдылық жәшігі» орнатылды
Қостанайлық белсенді жастардың бастамасымен, «Мәдениетті Қостанай» жобасы аясында, облыс орталығында «Қайырымдылық жәшігі» орнатылды. Ерекшелігі сол – орталық әмбебап дүкен (ЦУМ) ішіне орнатылған жәшікке кез келген қала тұрғыны еріктерімен киім-кешек пен басқа да тұрмыстық заттарды сала алады.
Бұйымдар тек таза, бүтін қалпында болуы керек. Жастар Орталығы басқармасының еріктілері әр 2-3 күн сайын қорапқа жиналған заттарды балалар үйі мен аз қамтылған отбасыларға таратады.
Тұрғындар қолдап, қайырымдылар қатары көбейе түссе, келешекте жәшіктер санын тағы көбейтетінін айтады ұйымдастырушы жастар.
Тұрғындар қолдап, қайырымдылар қатары көбейе түссе, келешекте жәшіктер санын тағы көбейтетінін айтады ұйымдастырушы жастар.
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суретті түсірген автор