«Мемлекеттік тіл- менің тілім»

Міне, осындай атпен  облыстық тілдерді дамыту  басқармасының ұйымдастыруымен  жастар акциясы болып өтті.  Іс-шараға  жоғары оқу орындары мен колледж студентері, мектеп оқушылары, жұмысшы жастар қатысты.  Акцияның барысында басқарманың жетекшісі Ж. Үмбетов сөз сөйлеп,  мемлекеттік тілдің қолданыс  аясын кеңейту мақсатында атқарылып жатқан жұмыс жөнінде қысқаша  ақпарат берді. Бүгінгі таңда өзге ұлт өкілдерінің жастары мемлекеттік тілімізді үйренуге  ден қойып отырғанын, соның ішінде мысалы ретінде  облысымыздағы  қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінен құрылған «Тіл дарын» клубының жұмыс істейтіндігін айтып өтті.

IMG_4475

– Осы жиынның басты мақсаты жастар арасында  қазақ тілінің мәртебесін және тілдің қажеттілігін арттыру, студент жастарымызды, мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу. Іс-шараға қатысып отырған өзге ұлт өкілдерінен құрылған «Тіл дарын»  клубы үш жылдан бері жұмыс істеп келеді.

IMG_4465

 Өңіріміздің барлық аудандары мен қалаларында болды.  Клуб мүшелері   сол кездесудерде  тілімізді насихаттту жұмысы аясында өздерінің  ой-пікірлерімен, тәжірибелерімен бөлісті. Сол секілді клубқа мәселен, Т. Ситникова, И.Логинова,  Ц.Тагаев, А.Смоковая  сынды жаңа мүшелерді қабылдамақпыз. Татьяна Ситникова мен Ирина Логинова облыстағы пединституттың студенттері.  Татьяна  осыдан  бір-екі жыл бұрын республикалық  «Абай оқуларында» үш жүзге  жуық ақынның  өлеңдерін жатқа айтып, екінші орын жеңіп алған-ды.   Қазіргі  кезде өзге ұл өкілдері арасында   қазақ тілін үйренемін дегендердің саны артып келеді,-деді облыстық тілдерді дамыту басқармасынң бөлім  бастығы Бақыткүл Сүлейменова.

IMG_4467

   Іс-шарада  «Тіл дарын» клубының мүшелері қалай мемлекеттік тілді үйренді, қандай қиындықтар кездесті,  тіл үйренуде қандай мәселеге көңіл бөлу қажеттігі туралы  айтып берді. Клуб мүшелері  жиналғандармен  тренинг,  танымды ойындар өткізді, белсенділік танытқан жастарға ынталандыру сыйлықтары табысталды.  Концертте болдды.

IMG_4476

 
Гүлназым САҒИТОВА
Суретте: іс-шарадан көрініс
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓