Қашқын әлеуметтік желі арқылы құрыққа түсті

Тәртіп сақшылары құрыққа ілінбей жүрген қылмыскерді ғаламтордың көмегімен ұстады. 30 жасар күдікті Ресей шекарасынан Қазақстан аумағына заңсыз өткені үшін шартты тұтқындалуда болған еді. сотОл тәртіп сақшылары алдындағы ай сайынғы міндетті белгілену шарасын белден басып, тұрғылықты мекенжайын ауыстырып жіберген. Бұған дейін Лисаков қаласында тұрған, кейін ұшты-күйлі көзден таса болған. Сол себепті іздеу жарияланған. Анда-санда әлеуметтік желілерде отыратыны анықталып, қашқын қақпанға түсті. Полицейлер оған бүркеншік атпен оған достық жіберіп,танысып, кездесуге шақыру арқылы  операцияны оңтайлы жүзеге асырды. Мұндай қылмыскерді әлеуметтік желі көмегімен ұстау алғаш рет болып отырғанын айтады лисаковтық тәртіп сақшылары.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓