«Жолаушы сағаты»
Міне, осындай атпен облыстағы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігімен акция ұйымдастырды.
– Осы акцияның басты мақсаты жұртшылық арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырып, жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталып отыр,-деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Шериева.
Мемлекеттік қызметшілер бірлестіктің өкілдерімен бірге «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» деген тақырыпта 150-ге жуық жадынамалар мен буклеттер таратып, тұрғындарға Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндірді. Акция барысында әрбір азамат мемлекеттік қызметшіге сұрақтары мен ұсыныстарымен жүгінуге мүмкіндік алды. Белсенділер қойылған барлық сұрақты назардан тыс қалдырмады. Сонымен бірге департамент пен қоғамдық бірлестіктің өкілдерімен бірге, азаматтардың сұрақтарына ішкі істердің линиядағы бөлімдерінің, облыстық көлік прокуратурасының өкілдері жауап берді.
Гүлназым САҒИТОВА