Мағжан оқуларына қатысып…

Еліміздің Петропавл қаласында  болып өткен көсемсөзші, педагог Мағжан Жұмабаев оқуларына  облысымыздың оқушылары да қатысты.
Оқуларға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сол секілді Ресейдің Омбы облысы Қасқат селосынан да  оқушылар келді. Екі күн бойы сайыскерлер ақынның өлеңдерінен, туындыларынан мәнерлеп үзінді оқып, әндерін орындады. Мағжан оқулары үш номинация, атап айтқанда: "Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім", "Толқынмен тол-қын сырласып…",  "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" бойынша өткізілді.
"Толқынмен толқын сырласып…" номинациясында Қостанай ауданы Краснооктябрь орта мектебінің 8-сынып оқушысы Альбина Байдаулетова шығармашылық жұмысымен өнер көрсетсе, "Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім" номинациясында Қамысты ауданы Қарабатыр орта мектебінің 7 сынып оқушысы Ақжан Егамбердиева М.Жұмабаевтың 70 шығармасын дайындап, мәнерлеп оқыды. Ал, "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" номинациясында Қостанай ауданы Наушабаев атындағы Затобол орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қасым Нұрсұлтан өзі шығарған өлеңдер жинағын дайындап, жас ақындар сайысына қатысты. Оқулардың қорытындысы бойынша Қасым Нұрсұлтан және Альбина Байдаулетова Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының алғыс хаттарына ие болды. Ақжан  Егамбердиева болса Солтүстік Қазақстан облысының "Өрлеу" біліктілікті арттыру институты басшысының арнайы дипломымен марапатталды.
Гүлназым
    САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓