Көшелі істердің көшбасшысы

Мәселен, өңірде өзіндік қолтаңбасы бар "Лидер 2010" ЖШС-і өз өнімдерін Ресейдің 15 аймағымен қатар, аспан асты еліне экспорттау жөніндегі келісімге қол жеткізген. Заманауи жоғары технологиямен жабдықталған рудныйлық зауыттың тәулігіне 30 тонна сүт өнімдерін өндіруге мүмкіндігі бар. Қуатты технология мен өнім салынатын құ-рылғыны залалсыздандырып, тазалайтын автоматтандырылған жүйе-нің арқасында зауыт жоғары сапалы сүт өнімдерінің түр-түрін шығарады. Атап айтсақ, "Рудныйлық ТАН", "Чечил", "Чиссбер" ірімшік-тері, "Рудныйлық көже", брынза мен сүт өнімдерінің басқа да түрлері халықтың сүйсіне тұтынатын тағамына айналған. Тұтынушы талғамы мен сұранысын қанағаттандыруды алдыңғы кезекке қоятын компания-ның білікті мамандары Федоров, Қостанай, Таран аудандарынан жеткізілетін сүттің құрамын күрделі зертханалық сараптамадан өткізеді. Бұдан бөлек бүкіл өндіріс үрдісі сапаны қатаң бақылау жүйесімен қамтамасыз етілген компания өнімдері ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық қадағалау жөніндегі мемлекеттік органдардың жан-жақты тексеруінен өтіп, мақұлданған. Бақылаушы органдардың арнайы зертханаларында жасалатын жыл сайынғы тексерулер мен зерттеулердің қорытындысы "Лидер" өнімдерінің ИСО 9001:2000 халықаралық стандарты мен "Халал" өнімінің талаптарына сай екендігін көрсетіп, сертификаттарға қол жеткізді. Компания үшін бұл үлкен мәртебе.

– Сүт өнімдерінің сапасы біздің кәсіпорынды биікке көтерді. Біз сүттен жасайтын тағамдардың еш-қайсысына өсімдік майын, түрлі консерванттар мен химиялық қоспаларды қоспаймыз. Сүт өнімдерінің сапасы – біздің ұжым жұмысының көрсеткіші ғана емес, ол менің елімнің, жас ұрпақ алдындағы жауапкершілігім, – дейді.
Шынымен де өнім сапасын алдыңғы кезекке қоятын ынтымақты ұжымның бұл еңбегіне қала тұрғындары ризашылығын білдіруде. Рудный қаласының тұрғыны, зейнеткер Жаңыл Мерсімова:
– Қазіргі жұрттың талғамы жоғары. Бұрын дүкен сөрелерінен көзге түскенін алып жатса, бүгінде өнімнің сыртқы қорабымен қатар, оның құрамы мен қоспаларына жіті мән береді. Өз басым он екі жылдан бері, яғни сүт зауыты ашылғалы "Лидердің" сенімді тұтынушыларының бірімін. Әсіресе, ірімшік пен "Рудныйлық ТАН" сусынын балаларым мен немерелерім күнде әкеледі. Денсаулыққа пайдасы зор ағарғанды жақсы көретін халықпыз ғой, зауыттың жұмысы алға баса берсін! – деп өз ойымен бөліссе, азық-түлік дүкенінің сатушысы Толғанай Күдерина:
– Жаңа жылдан кейін барлық сүт өндіруші компаниялар бағаны жоғарылатты. Мәселен, бұрын 1 литр "Лидерлік" сүттің бағасы 150 теңге болса, қазір 165-170 теңгеге көтерілді. Алайда, тұтынушылардың селк етер түрі жоқ. "Лидердің" өнімдерінің өтімділігі жоғары бол-ғандықтан, сөренің бас жағына қойып отырмыз. Бағасы басқаларға қарағанда төмен болғанымен, сапасы жоғары, – дегенді алға тартады.
Рудныйлық компанияның өнімдеріне деген сұраныстың артуы, шикізат базасы мен өндірістік алаңының болуы, және ең бастысы, мемлекеттен қаржылық қолдау жаңа зауыт құрылысына кірісуге мүмкіндік берді. Бір ауысымда 20 тонна шикізатты өңдейтін жаңа жобаның құны 1,25 миллиард теңге. Оның 1 миллиардтан астамы үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде жылдық үстемесі 3 пайызбен беріліп отырса, қалған қаражат кәсіпорындікі. Айта кетерлігі, Еуропаның үздік жабдықтарымен жұмыс істейтін жаңа зауыттың технологиялық мүмкіндігі жоғары. Мәселен, қазіргі өндіретін сүттің жарамдылық сақтау мерзімі 5 күн болғандықтан, оны облыс төңірегіне ғана шығара алады. Ал үстіміздегі жылдың бірінші жартысында іске қосылатын жаңа зауыттың сүтін мың шақырымға дейін тасымалдауға мүмкіндік береді. Шикізаттың уақытылы жеткізілуіне сүт тасымалдаумен айналысатын "Бек+" фермасы жауапты. Көктемге қарай Сарыкөл және Әулиекөл аудандарында "Лидердің" сүт қабылдау пункттері ашылмақ.

Бүгінгі табысты кемел болашақтың баспалдағы деп білетін "Лидер" компаниясының басты мақсаты елі-міздегі сүт өндірісінің тұрақты дамуына қол жеткізу болып отыр.
Қуаныш СЕЙДОЛЛАҰЛЫ.
Рудный қаласы.