Оқушылар тарихтан тағылым алды

Қостанай облысы мәдениет басқармасының кинобейнеқор сақтау және пайдалану жөніндегі орталығы Қостанай қаласындағы №9-мектеппен бірлесе отырып,  Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын ерекше атап өтті. Ұлтымыздың тарихын ұлықтап, өскелең ұрпақтың санасына патриоттық сезім ұялату үшін мектепте «Елдіктің бастауы Қазақ хандығы» атты киносағат ұйымдастырылды.

1-1

Іс-шара барысында тарих пәні мұғалімдері қазақ тарихынан сыр шертіп, сұрақ-жауап өткізді. 
Сондай-ақ, «Ұлтты ұйытқан ұстаным» деректі фильм көрсетілді. Бұл фильім Қазақ хандығының қара шаңырағы, көшпелі қазақтың ордасы Ұлытаудың кешегі тарихы туралы.
Бүгінде Ұлытау осы тарихтан тамыр тартқан азат елдің айбыны, абыройы болып отыр. Ұлытау – ұлт көшбасшысының бастамасымен ұлықталып, бүкіл халықтың басын қосқан ұлы істердің қайнар бастауы деп жиі айтылып жүр.
 
Жанар СЕЙДИНА
Қостанай облысы мәдениет басқармасының кинобейнеқор сақтау және пайдалану жөніндегі орталығының  тәлімгері. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓