Жеңімпаздардың қатарында
Ағартушы-ұстаз, жерлесіміз Ы. Алтынсаринге арнап облыстық дене тәрбиесі және спорт, білім басқармасы мен Алтынсарин аудандық әкімшілік бірлесе отырып жеңіл атлетикадан жарыс өткізді.
-Ауа райының қолайсыздығына қармастан облысымыздың спорт сүйер тұрғындары, жастар, спорт ардагерлері жарысқа белсене қатысты. Жарыс 2км, 8км және 21 км қашықтық бойынша өтті. Солардың ішінде 21 км қашықтыққа әр жастағы қатысушы спортшылар көп болды. Жарыс маршруты бойынша спортшылар Тобыл өзенінің жағалаудан бастап Затобол жол айналымы арқылы содан әрі қарай Мичурин поселкесін кесіп өтіп Алтынсарин кесенесіне дейін бару және қайту керек болды.
21 км қашықтықтағы жарыста Арқалық аймағы бойынша ауданаралық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының заң кеңесшісі Азамат Оташев екінші орынды жеңіп алды,-деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Шериева.
Жарыс жеңімпаздары дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Гүлназым САҒИТОВА