Кәріс көркем фильмдері тегін көрсетіледі

Қазақстанда бір ай бойы "Кәріс мәдениеті айы" өтеді. Соған байланысты Қостанайдағы «Қазақстан» кинотеатры қазанның 31-і мен 1-қараша аралығында кәріс киносының фестивалі мәре алмақ. Экранда тек корей кинематографиясының озық туындылары көрсетіледі. Киноға кіру тегін болмақ.16525-3-fНазарларыңызға фестиваль кестесін ұсынамыз:
31-ші қазанда, яғни кинофестивальдің алғашқы күнінде қойылатын төрт бірдей әлемдік экрандарда жарық көрген көркем фильмдердің атауы мен шағын мазмұнынан, сондай-ақ көрсетілім уақытынан хабардар бола отырыңыздар.
16:30. «Ұрылар»
 «Ұрылар» киносы американдық «Оушеннің 12 досы» фильмінің желісі бойынша түсірілген. Кинода әр ұлт өкілінен құралған әккі ұрылардың Макао қаласындағы  тамаша жоспары туралы оқиға өрбиді.       
19:00. «Қанішердің мойындауы»
Триллер бағытында түсірілген бұл фильмде полицей қызметкерінің жұмысы баяндалады. 15 жыл бұрын болған қылмыстың бетін ашады. Қанішердің кінәсін мойындап жазған кітабы жарық көргенде ғана қылмыс ашылмақ.
16:30. «Шығыстың дауысы».
Бір-біріне мүлдем қатысы жоқ, корей ұлттық мәдениетінің студенттері мен классикалық әуен ұстаздарының бірігіп жұмыс істеуіне тура келеді. Сондай-ақ, байқауда жеңіске жетулері қажет. Қызықты оқиға желісі көрермендерін бейжай қалдырмайды. 
19:00. «Барлығы да менің әйелім туралы»
Бұл романтикалық комедия – көптің көңілінен шыққан фильм. Ұялшақ жігіттің өз әйелімен ажырасуы үшін түрлі әрекеттерге барғаны көрсетіледі. 
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓