Жасыл шырша аясында…
Жыл он екі айдың желтоқсаны келгенде үлкен-кішіміз әбігерге түсіп, небір түрлі-түсті жарқырауық моншақтарға оранған жасыл шыршаны, Аяз ата мен Қарша қызды күтеміз. Әсіресе, кішкене балалар соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар. Міне, осындай балаларға арналған Жаңа жылдық шырша мерекесі облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен балаларға қосымша білім беретін өңірлік оқу-әдістемелік орталығында өтті.

-Баламызбен Жана жылдық шырша мерекесіне келгенімізге қуаныштымыз. Әсіресе, балам Баймағамбет мәз-мейрам қуанып қалды. Қостанай қаласындағы №14 негізгі мектебінде оқимыз. Жасы сегізде. Бәрі жақсы, бізге ұнады, суретке де түстік,-деді бізге Баймағамбеттің анасы Айгүл.
Балалардың барлығы да қуанышты, дөңгеленіп би билеп, мүмкіндіктерінше түрлі ойынға қатысып, ән айтуда. Олардың барлығы Жаңа жылдық тәтті сыйлықтар мен ойыншықтарға ие болды.
Гүлназым Сағитова
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай
Шырша тойы басталды
Жаңа жылдық ғажайып
Мың бұралған арулар
Ақшақар
Жасыл шырша айналып, би билейміз барамыз
Ертегілер әлемінде