Қостанайда көліктің 17 үлгісі құрастырылады

Ең алдымен ішкі нарықты қамтамасыз етіп, қалғанын сыртқа саудалайды. Қостанайдағы машина құрастыру зауыты осындай мақсат қойып отыр.
көлік
2015 жылдан бастап "Қазақстанда жасалған" көліктер Кеден одағы шеңберінде саудаланады. Көлік құрастыруда 4 жыл тәжірибе жинақтаған кәсіпорын бүгінде шетелдік компанияларымен тығыз қарым-қатынас орнатуда. Қостанай машина зауыты 2010 жылы Оңтүстік Кореяның SsangYong көлігін құрастырып, тәжірибе жинады. Кейін француз, итальян кәсіпорындарымен байланыс орнатты. Жергілікті жұмысшылар бүгінде кез келген көлік түрін жинай алады. 2018 жылға қарай кәсіпорын жылына 50 мың дана көлік шығаруға қауқарлы болмақ.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓