Бизнесті бастауды үйренді

image-20-10-14-123A36 цвҚарасу және Қарабалық аудандарының жастары кәсіп ашу ісіне қызығушылық танытуда. Кейінгі толқынға кәсіпкерліктің қыр-сырын түсіндіру үшін "Нұр Отан" партиясының қос аудандағы филиалдары кеңес беру шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараға "Даму" кәсіп-керлікті қолдау орталығы мен жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты. Кәсіби мамандар "Бизнестің жол картасы–2020" және "Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020" мемлекеттік бағдарламалары туралы айтып берді.
– Аудандағы жастардың бизнестен хабардар екеніне куә болдық. Біз үшін кәсібін енді  бастаған жастардың сұрақтарына жауап беру өте маңызды. Себебі, олар өздерінің шаруасын кеңейтіп, табыс тапқанымен ел экономикасының алға басуына үлес қосады, – деді "Нұр Отан" партиясы Қарабалық аудандық филиалы төр-ағасының бірінші орынбасары Римма Көшекбаева.
Жас кәсіпкерлерге кеңес беруге арналған шара Қарасу ауданында жалғасын тапты. Жұмыссыз жүрген азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандар партиялықтарға сауалдарын қойып, бизнесті бастаудың қарапайым жолдарын үйренді. Қоғамдық қабылдау барысында шалғайдағы ауылда бизнес ашу және несие алу туралы мол ақпарат айтылды. Шараға қатысқан бір азамат қайта даярлау курсынан өту үшін аудандық жұмыспен қамту орталығына жіберілді.
Аталмыш іс-шара "Нұр Отан" партиясының "Мықты бизнес  – қуатты мемлекеттік" жобасы аясында өткен болатын.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓