Бюджет бекітілді
Бүгін Қостанай облысы мәслихатының 6-шақырылымының ХVI кезекті сессиясының отырысы өтті. Ең әуелі, Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына орай марапаттау рәсімі жүргізілді. Мерейтойлық төсбелгілермен және мадақтамалармен облыстық, қалалық, аудандық мәслихат хатшылары, депутаттары, департамент, басқарма басшылары ардақталды.
Ал сессия күн тәртібінде Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті қаралды. Облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Жаннат Шаймарданова осы мерзімге және келер жылға қарастырылған қазына қаржысын шотқа салып берді. Мәселен, оның айтуынша, білім саласына 48 млрд, денсаулық сақтау саласына 5,3 млрд, ауыл шаруашылығына 38,8 млрд, қорғаныс саласына 10 млрд теңге бөлінеді. Бұдан өзге де мақсаттар үшін жұмсалғалы отырған қаржы сомасы қомақты. Әсіресе, әлеуметтік және мәдени салаға жұмсалатын қаражат көлемі айтарлықтай өскен. Бұл жоспарды депутаттар бірауыздан мақұлдады.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев