ЖЕКПЕ-ЖЕК ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы спорт кешенінде “Динамо” ДШСҚ облыстық кеңесінің қолдауымен жастар арасындағы қоян-қолтық ұрыстан қалалық іріктеу турнирі өтті. Айқас аламанына ҚР ҰҚК шекара қызметінің, қылмыстық атқару жүйесінің және ринг қожайындарының құрамалары қатысты. Қостанай, Рудный, Жітіқарадан жеті команда жасақталған болатын. Сексеннен астам жекпе-жек спортын меңгергендердің қатарында есімі елімізге танылғандар да көп болды.

IMG_1013

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығы, полиция полковнигі Мирлан Қызылов жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеп, жастарға сәттілік теледі. Айта кетейік, осы іріктеу турнирі қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы Руслан Мұқановтың құрметіне ұйымдастырылды.

IMG_1012

Жеңіл салмақтағы финалдық жекпе-жектер ширақ басталды. Жітіқаралық «Багира» спорт секциясының атынан қатысқан Виктор Татаржицкийдің қарсыласы әлем чемпионы Асхат Жылысбек болды. Жас та болса жігер танытқан Виктор қылқындыру әдісімен кездесуді уақытынан бұрын аяқтады. Сондай-ақ, турнирдің жаңа есімі – 65 келідегі Сұлтан Әбділдаевтың қоян-қолтық ұрыстың тамаша айла–тәсілдерін үйреніп алғаны көрінді. 

IMG_0978

Осы ретте 70 келідегі Нұрбол Сардарбектің есімін ерекше атап өту керек. Ол турнирдің «Үздік спортшысы» атанды. Ауыр салмақтағы бәсекелерде Асқар Айтбек, Дәурен Құсайынов, Әлішер Құрмашев, Кенжеғали Жұмағұловтар жеңіс тұғырына көтерілді.
Жалпыкомандалық нәтиже бойынша ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бірінші орынды, облыстық Жекпе-жек федерациясының құрамасы екінші орынды иеленсе, үштікті «Багира» спорт секциясы қорытындылады. 

IMG_1125

Жеті салмақта жеңімпаз атанған жұдырықтасушыларға Қостанай облысы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы қаржылай көмек көрсетті. Енді облыс құрамасы Астанада өтетін халықаралық турнирге аттанатын болады.   
 
Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓