Баласын өлтірген әйел жазаға тартылды

Қайғылы оқиға 5-ші маусымда тіркелді. Облыстық сот таратқан ақпаратқа жүгінер болсақ, сол күні әйел туған күнін достарымен атап, бірге арақ ішеді. 
Келер күні ұйқысынан оянған әйел төрт айлық сәбиді емізбекке қасына алып жатады. Мастығы тарқамаған әйел осылайша, туған баласын кеудесімен тұншықтырып өлтіріп алады. Бұл кезде оның жолдасы жұмыста болған көрінеді. 
Тергеу барысында келіншектің баласын  кеудесімен тұншықтырып тастағаны дәлелденді. Осыған сай, ҚР Қылмыстық Кодексінің 104-ші бабының, 1 тармағына сәйкес қылмысты болған ол  1 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. 

Gavel

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓