Тазалық акциясы басталды
Қалада жаппай сенбілік жұмыстары басталды. Оған мекемелер мен тұрғындар жұмылдырылып, шаһардың тысқары аумақтары назардын тыс қалмауы қадағаланып отыр.
-Бұл шара ай бойына жалғасады. Тазалық жұмыстарына байланысты әр мекеме өзіне тиісті аумақты басшылыққа алуы керек. Қаланың әрдайым мұнтаздай болуы оның тұрғындарына қатысты екенін естен шығармаған абзал,-дейді қала әкімі Базыл Жақыпов.
Сенбіліктің алғашқы күні әкімшілік қызметкерлері өздері бас болып, қолдарына күрек-кетпен алды. Ғимарат алдындағы гүл бақтарын күл-қоқыстан арылтты.
Суреттерді түсірген автор
Айбек ЖҮЗБАЙ