САҢЛАҚТАР СҮРІНБЕДІ
Сочидегі спорт бәсекесінде жүрген спортшыларымыз – жеңіс тұғырында. Бұл байрақты додаға қатысу үшін әлемнің 35 елінен 800-ден аса спортшы келді. Ойын бағдарламасына жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, садақ ату, армспорт және паратхэквондо кірді.
Шығыс Қазақстан облысының мақтанышы Айболат Құнапиев IWAS дүниежүзілік паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына бірінші медальді салған-ды. 75 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі армрестлингтен ҚР чемпионы сол қолмен күресте үшінші орынды місе тұтқан еді.
Алғашқы алтын жарыстың үшінші күні қоржынға түсті. Оның иесі – Зульфия Ғабидуллина.
Осыдан бірер жыл бұрын суға жүзуден тұрақ-қимыл аппараты мен көру мүшесі зақымдалған спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Зульфия үш бірдей жүлдеге қол жеткііп, әлемдік сенсация жасаған болатын.Ұлттық паралимпиада комитетінің ақпаратына сәйкес Сочи жарысында чемпион қыз 150 метр қашықтықты 3,5 минутта жүзіп өткен.
Дәл осы күні еркін жүзу бойынша Наталья Звягинцева қола медальға ие болды. Үздік үштікті қорытындылаған спортшылардың қатарында жүзуден Михаил Еременко, найза лақтырудан Руфат Хабибуллин, жүгіруден Болат Бейбарыс, Виталий Марченколар бар.
Қасқырбай Қойшыманов