Жаңа тағайындау
Қостанай облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі көмекшісі болып Азамат Ғаббасов тағайындалды.Азамат Ғаббасов 1976 жылы туған. ҚР Қарулы күштерінің әскери академиясын тәмамдаған. 1998 жылдан бері әскери қызметкер. Әр жылдары Алматы және Талдықорған қалаларында әскери бөлімдердің командирі, Алматы облысы Кербұлақ ауданында қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы болып қызмет атқарды.