БӘЛЕН ЖЕРДЕ БАҚЫР БАР…

Кешелі бері WhatsApp мессенджерінде елімізге Ресейден енгізілген көліктердің қазақстандық тіркеуге алынып жатқаны жайлы ақпарат тарап жатыр. Көпшілікті елеңдеткен хабарды  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жоққа шығарды.

Белгісіз ер адамның аудиожазбасында ресейлік есептен шығарылған көліктердің еш кедергісіз Қазақстанда тіркеуге алынып жатқаны, ол үшін бар болғаны 102 мың теңге салық төленетіні туралы айтылған. Хабар таратушы сөзінің айғағы есебінде жаңадан тіркелген көліктің нөмірі мен құжаттарының суретін көрсетіпті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ақпараттың жалған екенін айтады.

«Суреттегі мемлекеттік нөмір 2022 жылдың 13 қаңтарында берілген, бірақ көліктің өзі 2002 жылы алғашқы тіркеуден өткен.

Ресейлік есептен шығарылған автокөлікті қазақстандық тіркеуге қою үшін қайта өңдеу және басқа да кедендік төлемдерден бөлек, арнайы ХҚО-на 0,2-ден 500 АЕК-ке (612 теңгеден 1,5 млн теңгеге) дейін төлем жүргізу қажет. Тіркеу барысында қазақстандық есепке қойылғалы тұрған  шетелдік көліктердің шығарылған жылы да назарға алынады. Оның да белгілі шектеулері бар.

Азаматтардан жалған ақпарат таратпауды және көлік жүргізушілерін адастырмауды сұраймыз», – деді мемлекеттік корпорация өкілдері.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓