Құтырған түз тағыларының кемитін түрі жоқ
Қостанайда мал дәрігерлерінің қатысуымен құтырма ауруына байланысты жиналыс өткізілді.
Негізінен бұл ауруды таратушылар – дала жануарлары. Түлкі, қасқыр, борсық, қаңғбыас иттер мен мысықтар да бар.
Құтырма көп таралған аймақтар – Қарабалық, Алтынсарин және Ұзынкөл аудандары екенін айтады мамандар.
Басты себеп – көршілес Ресейдегі хайуандардың бізге қарай өтуі. Мәселені қолға алған мамандар дала жануарларындағы вирусты азайтудың барлық жолдарын жасауда. Олар түрлі жемтіктерге дәрі-дәрмектер қосып, қалың орман арасына лақтыруда. Алайда, кеселге шалдыққан түз тағыларының кемитін түрі көрінбейді.-2014 жылы жағдай саябырсып, тұрақталған еді. Бірақ биыл қайта өршіп отыр. Байқап көрген 79 сынағымыздың 10-ы ғана оң өзгеріс берді,-дейді Республикалық малдәрігерлік зертхананың Қостанай қаласы бойынша филиалының директоры Төлеген Иманбаев.
Бұдан бөлек, эпидемология мамандары елді мекендердегі қаңғыбас хайуандарды құрыққа түсіруді қолға алу керектігін тілге тиек етті. Облыстағы кейбір аудандар бұл мәселеге бейжай қарайды. Бірақ кезбе жануарлардан үлкен қатер төніп тұрғаны қаперде мықтап ұсталуы керек екенін айтады мамандар.

Тұрғындарға алдын ала хабарлап, сақтанғаны абзал. Жарақат алған бойда, дәрігерлердің көмегіне жүгінсе, диагнозды дәл қойып, шара қолдануға болады. Қостанай облысында ұзақ жылдардан бері құтырма вирусын жұқтырған адам жолықпаған. Дәрігерлер зардап шеккендердің көбі уақытылы хабарласпаған болуы мүмкін деп қорқады.
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ