Ел чемпионатында есімдері асқақтады
15-18-ақпан аралығында Қостанай қаласында гір спортынан өткен ҚР чемпионатында сарыкөлдік спортшылар да бақтарын сынады. Облыс құрамасының сапында өнер көрсеткен олар олжасыз оралмады.
Жарыстың қорытындысы бойынша жерлесіміз Василий Мищенков жастар арасында ҚР чемпионы атанды. Ал, ересектер арасында Николай Мищенков және жасөспірімдер бойынша Андрей Беднюк ҚР қола жүлдесін қанжығаға байлады. Сондай-ақ, Әділ Оразов пен Қуандық Жантасовтар төртінші тұғырға тұрақтаса, ал Иван Грома үздік бестіктін қатарына енді.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.