ШАХМАТ ШЕБЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Рудный қаласындағы «Горняк» мәдениет сарайында халықаралық гроссмейстер, төрт рет Халықаралық шахмат олимпиадасының қатысушысы Петр Костенкомен бір мезгілде ойын сеансы болып өтті.6
Еуразиялық Топ (ERG) пен Қазақстанның шахмат федерациясының ұзақ мерзімді  әріптестігі аясында ұйымдастырылған «Шебермен кездесу» бірлескен акциясына кен алыбының әуесқой шахматшылары қатысты.
– Еуразиялық Топтың елдегі шахмат спортын дамытуға көңіл бөліп, үлес қосып жатқандығы қуантады. Бүгінгі шара рудныйлық шахматшылар үшін маңызды оқиғалардың бірі саналады. Баршамыз үшін ойын қызықты өтті, – дейді халықаралық гроссмейстер Сергей Костенко.7
«ССКӨБ» АҚ қызметкерлері Еуразиялық Топтың өзге де кәсіпорындарының көптеген жұмыскерлері тәрізді спорттық дәрежелерге ие және компания ішінде ұйымдастырылатын, қала және облыс деңгейіндегі түрлі спартакиадалардың шахмат ойыны бойынша чемпиондары саналады. Акция аясында кеншілер блиц-турнирге және бір мезгілді ойын сеансына қатысты. Бірінші кезең турнир жеңімпаздарын анықтап берді.
Кездесудің нәтижесі бойынша бірінші және екінші орынды Қоржынкөл кен басқармасының қызметкері Олег Головчук пен Автокөлік басқармасының өкілі Юрий Мазунин иеленді. Үздіктер үштігін мектеп оқушысы Мария Кованова тұйықтады. Жеңімпаздарға кубок пен дипломдарды «ССКӨБ» АҚ әлеуметтік сұрақтар мен корпоративтік мәдениет басқармасының бастығы Александр Макаренко табыстады.
– Аталмыш акция аймақтарда шахмат спортын дамытуға септік етіп қана қоймай,  қатысушылардың ынта-жігерін арттырады! – деді өз әсерімен бөліскен жеңімпаздардың бірі Автокөлік басқармасының еңбек және кадрлар бөлімінің басшысы Юрий Мазунин. – Мен бұл ойында белгілі шахматшы, халықаралық гроссмейстер Петр Костенкомен ойнау құрметіне ие болдым. Ойыннан керемет әсер алдым.10
Шахмат спортын дамытуға бағытталған ауқымды жоба Еуразиялық топтың «Шеберлер елі; бірлескен отбасында» корпоративтік акциясы аясында жүзеге асып келеді. Шақырылған гроссмейстерлер Топ кәсіпорындары қызметкерлерімен турнирлер, шеберлік сабақтарын жүргізеді. Бүгін де дәл осындай шаралар ERG өндірістік нысандары орналасқан Ақтөбе және Павлодар облыстарында болып өтті.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓