Еңбек озаттары марапатталды

Облыс агроөнеркәсіп саласының қызметкерлері ауыл шаруашылығы күнін атап өтті. Салтанатты жиын үстінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов өңір экономикасының дамуына айрықша серпін беріп отырған саланың жетістігі туралы сөз саптады.IMG_0148
          – Бүгін осы залға облыстың агроөнеркәсіп кешенінің үздік қызметкерлер мен еңбегі сіңген ардагерлер,өңірдің және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы өндірістің озаттары келіп отыр. Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытудың оң нәтижесіне ауыл шаруашылығы құрылымдарының, фермерлік шаруашылықтардың, сервистік және қайта өңдеуші кәсіпорындарының механизаторлар мен мал өсірушілер, мамандар мен басшыларының, өкіметтің жергілікті атқарушы органдарының аудандық және облыстық құрылымдары басшылығының еңбегі арқасында қол жеткізілді, – деп атап көрсетті Ғ.Нұрмұхамбетов.IMG_0155
Оның сөзінше, биыл облыс шаруалары 5,2 млн тонна астық жинаған. 358 мың тонна сүт, 74 мың тонна ет, 492 млн дана жұмыртқа өндірілген.  Сондай-ақ, қажетінше картоп және басқа да көкөніс түрлері әзірленді. Ауыл шаруашылығындағы осындай жетістіктердің арқасында облыс республика бойынша алдыңғы сапта тұр. Өткен жылғымен салыстырғанда қайта өңдеуші өнеркәсіп және азық-түлік өндіретін кәсіпорындарда өнім көлемі  1,5 есеге артқан. Мұның бәріне агарлық саясаттың сәтті жүзеге асуының арқасында қол жеткізілді. Мемлекет де ауылшаруашышылық тауар өндірушілерін үнемі қолдап отырады.
IMG_0156Салтанатты жиын үстінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ауылшаруашылық саласының қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, үстіміздегі жылы айрықша көзге түскен бір топ еңбек озаттарын арнайы төсбелгілермен, Құрмет грамоталарымен марапаттады.IMG_0196
 
IMG_0275
IMG_0216
IMG_0384
Ауылшаруашылық саласының үздігі (төсбелгі)
  1. Владимир Леонидович Черненко– «Заречное» ТШ ЖШС директоры, Қостанай ауданы;
  2. Андрей Валентинович Двуреченский–«Львовский колос» ЖШС директоры, Жітіқара ауданы;
  3. Мұқамеджан Қаржауұлы Акулов–  «Каржау» ШҚ жетекшісі, Федоров ауданы.
  4. Ұзақбай Садықұлы Ағайдаров – «Тойсай» ЖШС директоры, Ұзынкөл ауданы;
  5. Әлжан Нариманұлы  Хабиев– «Терра» ЖШС директоры, Қарабалық ауданы;
IMG_0392
Еңбек ардагері (медаль)
  1. Қозыбай Тастемірұлы Омаров– «Ключевое» ЖШС директоры, Қарасу ауданы;
  2. Василий Анатольевич Куц– «Алтынгүл» ЖШС директоры, Қостанай ауданы;
  3. Эдуард Филлипович  Шуллер– «Шуллер» ШҚ жетекшісі , Әулиекөл ауданы;
 
Құрметті ардагер (төсбелгі)
  1. Сәбит Садықұлы Ағайдаров– «Ершовское – 2» ЖШС директоры, Ұзынкөл ауданы;
  2. Әділ Қабдрашұлы Саматов– «Табыс» ЖШС құрылтайшысы Аманкелді ауданы;
  3. Александр Петрович Климко– «Заря» АҚ президенті, Мендіқара ауданы;
  4. Владимир Степанович Бушкин– «Б. Майлин атындағы» ЖШС директоры, Таран ауданы;
 
                          ҚР ауылшаруашылық министрінің Құрмет грамотасы
 
1. Евгений Викторович Пигарев– «Жанахай» ШҚ жетекшісі, Федоров ауданы;
  1. Сергей Петрович Кисель– «Айдала» ЖШС директоры, Алтынсарин ауданы;
  2. Мырзағали Мырзасалықұлы Орқашбаев– «Өмір-2005» ЖШС директоры, Қамысты ауданы;
  3. Өмірзақ Бекділдәұлы Ихтиляпов – «Шолаксай-1» ЖШС директоры, Науырзым ауданы;
  4. Қабидолла Қанкелдіұлы Орманов– Науырзым ауданы әкімінің орынбасары;
  5. Нұрлан Әбдірахманұлы Абдуов – облыс әкімдігі жанындағы жерді қорғау және пайдалануды бақылау жөніндегі басқарманың жетекшісі;
  6. Сайлаубек Қапенұлы Әлішев – «Аруана 2010» ЖШС директоры;
8. Ерсін Сағынтайұлы Сейдахметов–«Сейдахметов Е.С.» ШҚ директоры;
9. Берік Молдабекұлы Қайдаров–Қостанай  жол бөлімінің директоры;
  1.  Александр Романович Микетка–  «Костанай ұн комбинаты» АҚ директоры;.
IMG_0475Бұл туралы толық материалды газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.IMG_0415
 
IMG_0420
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ, Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓