Су тасқынынан зардап шеккендер өтемақы алады

Су тасқынынан зардап шеккен Суриков кентіндегі әр жанұяға 1 миллион теңге өтемақы төленеді.IMG_3052
Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл демеушілердің қаражаты. Сонымен қатар жапа шеккендер 20 АЕК (602 мың теңгеден астам) көлемінде біржолғы жәрдемақыға қол жеткізе алады.
Бұрын хабарланғандай, 11 сәуірден Суриков кенті су тасқыны салдарынан едәуір зардап шекті.  Мұнда 20 үй мен 25 ауланы су басты, 155 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Оқиға орнында құтқару техникасы жұмыс істеуде. Су тасқынынан жапа шеккен тұрғындар Қостанай ауданының өзге ауылдарына көшкісі келмей отыр. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓