Жаңа пән енгізілмек

Жаңа оқу жылынан бастап Қостанай облысындағы мектептерде өлкетану пәні оқытылады. Бұл туралы аппарат жиналысында облыстық білім басқармасының басшысы Бәтима Даумова айтты. школа 1Бұл бастама әуелі қосымша сабақ ретінде 5-сыныптан бастап оқытылады. Қостанай мұғалімдері өлкетану сабағын былтыр №1 мектеп қабырғасында сынап көрген. Енді, міне, облыстағы барлық білім ошақтарына жол тартпақ.
Жаңа пән арқылы оқушылар облыстың тарихын, жекелеген тұлғаларды танып-біледі. Сондай-ақ, өңір басшысы Архимед Мұхамбетов әр мектеп түрлі салада жетістікке жеткен түлектерімен кездесулер ұйымдастырып, оқушыларға үлгі ету керек деп ескертті. Бұл қадам үлкен серпін бермек дейді облыс әкімі. Мәселен, Қостанайдағы №115 мектептің түлегі, сенатор Серік Бектұрғанов өзі түлеп ұшқан алтын ұясына әлі күнге дейін қарайласып тұратынын айтты. Тіпті, ол кісі үздік оқушыларға арнап стипендия да тағайындаған.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓