Өмірзақ Сұлтанғазинге ескерткіш ашылды

Академик Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педогогикалық университеттің алдында даңқты жерлесіміздің ескерткіші ашылды.СУЛТАНГАЗИН
Жер жүзінде Өмірзақ Махмұтұтының есімін білмейтін адам кем де кем.  Физика-математика ғылымдарының докторы, Ресей ғарыш  академиясының құрметті мүшесі көзі тірісінде ҚР білім және ғылым министрлігіне қарасты ғарыштық зерттеулер институтының директоры болып қызмет атқарды.
Қостанай мемлекеттік педогогикалық универсиеті өткен жылы күзде академи есімін алған болатын.
Салтанатты шараға Өмірзақ Сұтанғазиннің ұлы – Алмас, ҚР Парламент Сенатының депутаты, академик Бақытжан Жұмағұлов,  академик Кенжеғали Сағадиев, тағы басқа мәртебелі меймандар қатысты.СУЛТАНГАЗИН1
-Мен ол кісінің студенті едім.  Өмірзақ Махмұтұлы маған көрікті тәлім берді. Көп нәрсе үйрендім. Бұл ескерткіш әлі талай жасты тәрбиелеуге қызмет етеді,-дейді Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов.
Өмірзақ Сұлтанғазин 1936 жылы  Урицкий (қазіргі Сарыкөл)  ауданының Қараоба ауылында дүниеге келген. Осыдан он төрт жыл бұрын жетпіске қараған шағында ауыр науқастан көз жұмды.СУЛТАНГАЗИН 2
-Оның өмірі жастар үшін өнеге. Ауылдан шыққан қазақтың қарадомалақ баласы өзінің еңбекқорлығы мен білімге құштарлығы арқасында биік белеске көтерілді. Ғылым саласына өлшеусіз үлес қосты,-деді ҚМПУ ректоры Еркін Әбіл,-  Ол отыз жасында ағылшын тілін меңгеріп, Кембридж университетінде дәріс оқыған адам. Халқымызда: «Өткенсіз ертең жоқ» деген бір жақсы сөз бар. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсетілгендей, біз өз тарихымызды түгендеп, рухани құндылықтарымызды жаңғыртып жатырмыз. Бұл өте маңызды дүние.
 
Әлібек ЫЬЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓