Вероникаға іздеу салынады
Таран ауданының Асенкритов ауылында қыркүйектің 15-і күні үйінен шығып кеткен 17 жастағы Вероника Синина қайта оралмаған. Бұл жайлы хабарландыру Alau.kz сайтында жария болды.
Верониканың шашы – қоңыр, бойы – 158 см. Қара-көк түсті джинсы шалбарын киген және үстінде қызғылт сары түстегі күртесі бар. Спорттық қара аяқ киімде. Сонымен қатар, қолында қара сөмкесі де болған.
Қандай да бір ақпарат білсеңіздер, Таран ауданының АІІБ хабарласуыңызды сұраймыз. Телефон нөмері: 8(71436) 3 61 01, 3-74-63 немесе 102 шұғыл байланыс телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.
Суреттер Вероника Сининаның әлеуметтік желісінен алынған.