Экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Облыстық дін істері жөніндегі басқармасының мамандары Қарамеңді ауылында «Қазақстан аумағында  эктремизм мен терроризм ұйымдарының әдіс-тәсілдері» тақырыбында бірқатар іс-шаралар өткізді. Басқарма мамандары ауылшаруашылық колледжінде студенттермен кездесіп семинар-тренинг өткізіп, оларға тероризм мен экстремизм туралы қысқаша ақпарат берді. Және де бөгде адамдардан, экстремизм мен терроризмді насихаттайтын кітаптардан сақ болуларын түсіндірді. Лекцияның басында басқарма маманы «терроризм», «террорист», «экстремизм» сөзі баспасөз құралдарында жиі  айтылып, елімізде тұрып жатқан халықтың санасына қорқыныш сезімін ұялатып, Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген  адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуда екенін тілге тиек етті.экстремизм
Осыдан кейін басқарма мамандары аудан әкімдігінің мәжіліс залында учаскелік полиция қызметкерлерімен, дінтанушы және ұйым жұмысшыларымен кездесу өткізді. Жиналысқа 50 адам қатысты. Кездесуде көптеген сұрақтар талқыланды  соның ішінде  ислам дінінің шығу тарихына,  «ваххабизм», «терроризм» ілімдері жайында ақпарат беріп қазіргі уақытта жер бетіндегі қан-төгістердің барлығы осы ислам дінінің теріс ағымдарынан шығып жатқаны туралы айтты.
Лекциянын сонында қатысушыларға сақ болуға, көшеден күдік туғызатын адамдар немесе күдік туғызатын парақшаларды көрсе, құқық қорғау органдарына хабарласуын сұрады.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Науырзым ауданы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓