Ислам діні – ең таза дін

Бұл күндері өңірімізде асыл дініміздің өркендеуіне, халықтың рухани жан дүниесін байытуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – діни істерді одан әрі өркендету көбіне қаражатқа тірелетіндіктен, облыстық "Зекет" қорының жұмысын жандандыруды қолға алуымыз керек. Жақында "Зекет" қорының Қостанай облысы бойынша өкілінің есепті баяндамасында атап көрсетілгендей, оған елжанды, дінін құрметтейтін азаматтарды, ірі компаниялар мен фирмаларды дін саласындағы қызметкерлердің қаржылық мәселелерін шешуге жұмылдыру қажеттігі уақыт талабы. ислам22
Біздің еліміз – әлемдік дәстүрлі діндер, ислам мен христианның тоғысқан жері. Қазақ халқы діни көзқарасы айқын, мәдениеті жоғары, имани түсінігі мол ұлттардың қатарына жатады. Алдағы уақытта осы дәстүрді, тарихи мұраны дамытып, өркендете  беруіміз керек. Себебі, дін де жоғалтуға болмайтын рухани асыл мұра.
Дін де мемлекеттің мүддесін қолдайды. Мақсаты – қазақ елін әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосуға өз үлестерін қосу. Бұл күндері осы бағытта Қостанай облысының барлық мешіттерінде игілікті жұмыстар атқарылып жатыр.
Еліміздегі барлық мұсылмандар қауымы діни басқарманың пәтуалы шешімдері мен талаптарын мүлтіксіз орындауға тиіс. Бұл орайда өнеге алар еңбектер де баршылық. Мәселен, Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтың "Дін және дәстүр" атты құнды кітабының алар орны бөлек. Ол халық арасында үлкен қызығушылық тудырғаны белгілі.
Бізге тәуелсіздік оңай келген жоқ. Осы егемендігіміз тұғырлы болу  үшін  алда  атқарылар  жұмыстар да ауқымды.  Жалпы, тәуелсіздік – Алла тағаланың қазақ халқына берген несібесі, ата-бабаларымыздың табыстаған аманаты деп түсінгеніміз абзал. "Қолда барда алтынның қадірі жоқ" демекші, бүгінгі күні басымызға қонған бақтың бағасын бағамдай білуіміз қажет.
Ана сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді, ата дінімізді, игі салт дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, атадан балаға мирас болып келе жатқан, мол мұра асыл қазыналарымызды ардақтау – баршамыздың міндетіміз. Ата-бабаларымыз ұлын мұсылмандық жолымен сүндеттеп, оларға тәлім-тәрбие беріп, "қыздарына қырық үйден тию" деген, шариғат жолынан ауытқымаған.
Ислам дініне енді-енді бет бұрып келе жатқан жастарымыз басқа діннің ықпалында кетіп қалмауын қадағалауымыз керек. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бақытымыз баянды болу үшін, ел тірегі болар жастарымызды имандылыққа баулып, оларды тек парасаттылыққа тәрбиелейік. Кейінгі ұрпақ намысты, жігерлі болып өссін. Бұл орайда жетістіктеріміз де жеткілікті.
ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы" мен тұғырнамасы  халық арасында кеңінен талданып, насихатталуда.
Халиолла қажы МЫРЗАҒОЖИНОВ,
кәсіпкер.
 Қостанай ауданы.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓