“Алтын сақа” мен “Құлан” Торғай төсін түлете ме?

"Ақбұлаққа" жанкелдиндіктер дән риза
Таяуда облыс әкімі Нұралы Садуақасов жұмыс сапарымен Торғай өңіріне барып қайтты. Алдымен ат басын Жанкелдин ауданының орталығы Торғай селосына бұрып, мұндағы мемлекеттік "Ақбұлақ" бағдарламасының негізінде жұмыс істеп отырған Торғай су сору станциясында болды. Аталмыш станция жергілікті халықты ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған көрінеді. 59 млн. теңге қаржы жұмсалған бұл нысан 2013 жылы құрылып, халықтың игілігіне беріліпті. Расында да, жергілікті халық қана емес, жалпы, Торғай өңірі ауыз судың тапшылығын көріп, азабын тартып отырғаны әмбеге аян. Мұны облыс әкімі сапар барысында тілге тиек етіп, аудан әкімі Асқарбек Кенжеғаринге осы мәселе тұрғысынан бірқатар тапсырмалар да жүктеді. – Бұрынғы Кеңес үкіметінен қалған орталықтандырылған су құбырлары әлдеқашан тозығы жеткені рас. Кейбірі істен шыққан. Халық әлі күнге дейін ауыз суға мұқтаж. Торғай өңірінде соңғы 7-8 жылдың көле-мінде су тасыған жоқ. Мұның бәрі халыққа қиыншылық тудырды. Бірақ, елдің басқа түскен өтпелі шақта үдере көшпей, айрандай ұйып отырғаны көңіл қуантады. Биыл сіздер үшін жақсы жыл болды. Өзен-көлдер арнасынан асып, етекке едәуір су жайылып, су қоры біршама толықты, – деп Нұралы Садуақасов осы ауданға қарасты Ақкөл, Тәуіш, Сужарған, Тоқанай, Көкалат елді мекендерінің жай-жапсарын да сұрады. – Бұл жерлерде жағдай жақсы. Су тұщытатын қондырғылар ақау шықпай істеп тұр. Өзіңіз айтқандай, біраз жерлерге биыл су жайылып, халықтың берекесі кірді. 2011-2020 жылдарға белгіленген мемлекеттік "Ақбұлақ" бағдарламасы өңірде бірден болмаса да, біртіндеп жүзеге асуда. Қазынадан бұйырған 282 969 мың теңгеге Саға ауылында су тұщытатын қондырғы орнатылып, 8,985 шақырым қашықтықтан құбыр тартылмақ. Маусым айында мердігер компания құрылыс жұмыстарын бастап та кетті. Бәрі сәтімен болса, жақын арада халықтың ауыз суға кенелері хақ. Өзіңізге өткен жылы есеп бергенімізде, аудан тұрғындарының 77 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілгенін айтқанбыз. Сіздің тапсырмаңыз бойынша алдағы уақытта бұл пайызды арттыруға күш саламыз, – деді Асқарбек Кенжеғарин. Содан кейін облыс әкімі аудан орталығын-дағы Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде болып, күрделі жөндеу жұмысы істеліп жатқан шаңырақтың жай-жапсарын бі-ліп, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепке барып, мұндағы білім сапасына тоқталып, ұстаздармен пікірлесті. Одан әрі "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарлама- сы негізінде құрылған Жәнібек Зейнуллин жетекшілік ететін кон- дитерлік өнім шығаратын "Даму" кәсіпорнына табан тіреді. – Осындай кәсіпорындарды дамыта түсу керек. Бұл өңір об-лыс орталығынан шалғайда ор-наласқанын жақсы білесіздер. Халыққа мемлекеттік қаржы жобалары бойынша әрбір бағ-дарламаны ұғындырып, түсін-діру қажет. Қазір "Агро-бизнес – 2020" және "Сыбағадан" басқа да жылқы малын өсіру үшін "Құлан", қой өсіру үшін "Алтын сақа" бағдарламалары жұмыс істемек-ші. Жеңілдіктер де қарастырыл-ған. Міне, соларды тез арада халыққа жеткізіп, ақпараттан-дырып, құлағдар қылыңыздар, – деді өңір басшысы. Бұдан кейін Нұралы Садуақа-сов аудан бойынша мал аурула-рының жағдайына да кеңінен тоқ-талды. Бұл жерлерде бруцеллез ауруы әлі де көптеп кездесетінін, соның алдын алу шараларын жасақтауды қолға мықтап алу керектігін қатаң тапсырды.
Аркалык 45 квартир
"Төрт түлігімізді түгендейік…"
Өңір басшысының екінші сапары Аманкелді ауданына жалғасты. Мұнда ол жол бойындағы Байғабыл селолық округіне қарасты Дүйсен Сейітмағанбетұлы басқаратын "Әли-3" шаруа қожалығында болды. Бұл шаруашылық 2010 жылдан бастап төрт түлік малмен айналысып отырған көрінеді. –Биыл мал шаруашылығы кешенін салып, ірі қара мен жылқы басын 300-ден көбейттік. Өзіңіз көріп отырғандай, жұмыскерлерімізді де тұрғын үймен қамтамасыз етіп отырмыз. Әзірге еш қиыншылық жоқ. Соңғы үш жылдың ішінде 73 млн. теңгеге жақын қаржыны игеріп отырмыз. Барлық керек-жарақ-тарымызды қамтамасыз етті, – деді Дүйсен Сейітмағанбетұлы. – Дұрыс-ақ. Бұған көңіл жылып қалды. Бірақ, әлі де шама жетсе, мал санын арттыра беріңіздер. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен тізе қоса отырып, несие алып жұмыс істеңіздер, – деді Нұралы Садуақасов аталған шаруа-шылық басшысына егжей-тегжейлі түсіндіріп. Одан әрі облыс әкімі былтырғы жылдың аяғында ашылған Жанар Дәулетованың "Альфа-Нұр" сауда үйіне ат басын бұрып, шаруашылық барысын байқады. Аумағы 380 шаршы метрды алып жатқан ғимаратта құрылыс заттарына және жиһазға керек-жарақтың барлығы лықасып тұр. Жұмыскерлерінің орташа айлы-ғы 45 мың теңгені құрайды. Халықтың қалтасына да ыңғайлы екен. Содан кейін Нұралы Садуақасов Б.Қолдас-баев атындағы мектепке де табан тіреп, ұстаздармен жолығып, сонан соң ауыл шаруашылық өнімін өндіретін кәсіпкерлермен мәжіліс өткізді. Бұл ауданда да көптеген қаржы жобалары іске аспай отыр екен. Бұған жоғарыда айтқаны-мыздай, халықты ақпараттан-дыру, түсіндіру жұмыстарын тыңғылықты ұйымдастырмаған-дығынан екені көрініп тұр. Аудан әкімі Жансұлтан Тәукеновке осы істі мықтап қолға алуын өңір басшысы қадап тапсырды. – Тағы бір айта кетерлік жәйт, сіздер әлі де жерді тиімді пай-даланып отырған жоқсыздар. Кезінде кең алқапты жалға алып, соны игермей жатқандардың са-ны көп. Бұл жерлер мемлекеттікі. Сондықтан да оны жалға алып, әлі бір пайдасын көрмегендерді заң бойынша қарастырып, иге-ремін деген құлшынысы барлар-ға беру керек. "Сыбаға", "Агро-бизнес – 2020" бағдарламаларын тиімді пайдаланыңыздар. Мал шаруашылығын мықтап қолға алыңыздар. Бұл төңірек осы шаруашылықпен айналысуға өте қолайлы. Әлгінде ғана даланы аралап көрдім, шөп те шүйгін. Сондықтан да тезірек қимылдап, үкіметтен берілген көмекті уақытында игеріңіздер. Төрт түлігімізді түгендейік, – деді өңір басшысы мәжіліске жиналған жұртқа.
"Мал басын көбейтудің орнына кемітіп жібергенсіздер…
" Арқалыққа ат басын бұрған Нұралы Садуақасов алдымен Мұхтасиб Әлмұхаммед молла мешітіне барып, құран оқытып, ақсақалдармен жолықты. Содан соң Арқалық жылу электр стан-циясында болып, мұндағы жұ-мыс барысымен танысты. Кейбір жәйттарға көңілі толмай, сын пікірлер айтты. Қысқа дайындық жоспарларын анықтады. Бұдан кейін жаңадан салынып жатқан бес қабатты, 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Тапсырыс беруші "Қазақстан Темір Жолы" АҚ екен. Мердігері "АБК-Неруд" ЖШС-нің директоры Асқар Сайынділ-динов. Бұл пәтерлер Арқалық-тағы темір жолшы қызметкерлер-ге арнайы беріледі-міс. Әзірге құрылыс қарқынды, еш кедергісіз жүріп жатқан көрінеді. Бұдан кейін өңір басшысы "Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибелі станциясы" ЖШС-нің егістік алқабын аралап, сонау кеңес замандарынан бері еңбек етіп жатқан шаруашылық басшысы Степан Гачкайломен жолығып, егін шаруашылығы төңірегінде әңгімелесті. Шегірткемен күресті күшейту керектігін де тапсырды. Осы шаруашылық орналасқан Ашутасты селолық округіндегі Макаренко атындағы орта мектепте ұстаздармен жолықты. Бұл білім шаңырағына былтыр ғана 323 млн. астам теңгеге күрделі жөндеу жүргізіліп, сабақ өтетін оқушылар кабинеттері қазіргі заманға лайық барлық технологиямен жабдықталған. Еліміздегі моноқалаларды дамыту бағдарламасына кірген Арқалық қаласында да бірқатар істердің кежегесі кейін тартуда. Үкіметтен бұйырған қаржылар уақытында игерілмей жатқан-дығын қатаң сынға да алды Нұралы Садуақасов. – Бұлай жалғаса берсе, бұл өңірдің экономикасы дамыған-ның орнына құлдырайды. Оған ең алдымен қала әкімі жауап береді, – деді өңір басшысы мәжіліске жиналған қауымның алдында. – Сондықтан да сіздің кейбір жұмыстарыңызға көңіл толмай отыр. Жақын маңдағы ауылдардың жағдайы да мәз емес. Мал басын көбейтудің орнына кемітіп жібергенсіздер. Сіздерге қарағанда, Жанкелдин мен Аманкелді ауданының жағдайы тәуір екен. Осындай жауапты тапсырма алған қала әкімі Ғазиз Бекмұхамедов алдағы уақытта бұл мәселелермен тиянақты айналысатынын жеткізді.
Нұрболат Мешітбаев
(Сурет облыс әкімінің ресми сайтынан алынды.)

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓