Облыс әкімі коллектордың құрылысымен танысты

Облыс әкімі Нұралы Садуақасов Қостанайдағы бірқатар нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарымен барысымен танысты.
SAM_2707 Аймақ басшысы алдымен Тобольская көшесіндегі №3-ші  SAM_2711канализациялық сорғы стансасына барды. Бұл нысан 1963 жылы пайдалануға берілген. Содан бері жөнделмеген нысан тек 2008-2009 жылдары ғана ішінара қалпына келтірілген еді.Биылдан бастап  облыс орталығының тең жартысына қызмет көрсететін бұл сорғы қайта жаңартылып жатыр. Бұған SAM_2697қазынадан 377,15 млн.теңге бөлінді.Бүгінге текті соның 255,707 мың теңгесі игерілген.Әзірге құрылыс жұмыстарының 67%-орындалғанмен, нысан келесі жылы маусым айында ғана тапсырылады. Н.Садуақасов мердігерлерге нақты тапсырмалар жүктеп, қар түскенше жұмыс ырғағын төмендетпеу өажеттігін ескертті. Өңір басшысы сондай-ақ Маяковский және Фролов-Баймағамбетов көшелерінің қиылысындағы коллектор құрылысын барып көрді. Мұндағы құрылыс екі жақты жүргізіліп жатыр. Мердігерлердің айтуынша, күні бүгін 1500 метрдей құбыр төселген. Құрылыс жұмыстары келесі жылы жазға салым аяқталады. «Барлық жұмыс  іркіліссіз атқарылып жатыр»,-деп баяндады кәсіпорын басшылары.
 
Айбек  Кәдірұлы
Суреттерді түсірген автор

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓