Жұдырықтай жұмылған жөн

Рас, әлемде қаржы дағдарысы әлі суи қойған жоқ. Украинадағы ішкі қақтығыстың, Батыс елдерінің Ресейге қойылған санкциясы барлығы бізге әсер етпей қоймайтынын көріп отырсыздар. Осындай қысылтаяң сыртқы фактор үшін де сайлаудың мерзімінен бұрын өтіп, саяси тұрақтылықтың сақталғаны көп тиімді.
Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан халқы жұдырықтай жұмылып, кез келген қиындыққа қарсы тұрғанын қалаймын! Сол үшін де біз Елбасы төңірегіне топтаса түсуіміз қажет.
Серік ЕШМАНОВ,
Республикалық «Бірлік» партиясы Қостанай филиалының төрағасы.