«Мәдени мұраға» – 10 жыл!

2004 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы қолға алынды. Сол уақыттан бері қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты құнды деректер жинақталып, 537 кітап бір жарым миллионнан астам таралыммен шығарылды. Бағдарламаның он жылдығына орай Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада семинар өтті.
мәдени-мұра-520x245
Семинарға ҚР Ұлттық кітапханасының, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасының қызметкерлері онлайн режимде байланысқа шығып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Өңірімізге қарасты қалалар мен аудандардың кітапханашылары баяндама жасады. Гүлжамерия Қазина, Л.Толстой атындағы облыстық кітапхананың директоры: – Биыл "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасына он жыл толып отыр. Бағдарламаның жүзеге асу барысында құнды әдебиеттер мен деректер, сәулет ескерткіштері туралы әдебиеттер жинақталып, баспадан шықты. Сирек кездесетін, таралымы аз кітаптар біздің кітапханамызда баршылық. Набат Асқарбекова, ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі: – Біздің сирек кездесетін кітаптар қорында XII ғасырдан жеткен Құран кітап сақтаулы. Араб тілінде жазылған кітапқа ғалымдар қызығушылық білдіріп отыр. Оның салмағы 9 келі 100 грамм. Осыдан 100 жыл бұрын реставрациядан өтті. Ежелгі діни кітаптардан өзге Ы.Алтынсариннің "Қырғыз хрестоматиясы", "Қазақ", "Айқап" басылымдары және алғашқы қолжазбалар сақтаулы. Қызығушылық танытқан оқырмандар аталған кітаптармен таныса алады. Майра Әшімова, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасының «Мәдени мұра» орталығының жетекшісі: – "Мәдени мұра" бағдарламасының мақсаты –ұлттық салт-дәстүр, әдебиет пен мәдениетті, көне ескерткіштерді жаңғырту. Бағалы жәдігерлер мен құнды мұраларды жастарға насихаттау. Осынау мақсат жолында біздің облыстық кітапханада "Қаламгер" клубы құрылды. Өңіріміздегі танымал ақын-жазушылар мен жас талапкерлердің басын қосып, жас пен кішінің арасында шығармашылық байланыс орнатудамыз.
Қымбат Досжанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓