Тігіншілерді құттықтады

Маусымның екінші жексенбісі – жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні. Айтулы датаға орай, "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалының ұжымы қазақ саңыраулар қоғамының Қостанай оқу-өндірістік кәсіпорнының жұмысшыларын кәсіби мерекесімен құттықтады.
IMG_5208цв
Қазақ саңыраулар қоғамының Қостанай оқу-өндірістік кәсіпорны 1950 жылы құрылған. Сол уақыттан бері есту қабілеті төмен, тілі мүкіс жандардың басын қосып, олардың еңбекке араласуына жол ашты. Кәсіп-орын киім өндірісімен айналысады. Цехтың өнімдеріне ССКӨБ, Қазақтелеком АҚ және өзге де кәсіпорындар тапсырыс беруде. 1961 жылы цехтың жанынан 200 орынға шақталған мәдениет үйі ашылды. Онда жұмысшылардан құралған көркемөнерпаздар тобы концерттік бағдарламалар дайындайды. Еңбек адамдарының бір күндік жұмысымен қалалық мәслихаттың депутаты Сергей Блок та танысып, сала мамандарын құттықтады. – Мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Сіздер оны дәлелдеп отырсыздар. Қолдарыңыздан шыққан өнімдер қостанайлықтардың кәдесіне жарап жатыр. Бұл сіздердің еңбектеріңіздің жемісі, – деді қалалық мәслихаттың депутаты Сергей Блок. "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалының ұжымы сала мамандарына гүл шоқтарын сыйға тартты. Сый-сияпатқа ие болған тігіншілердің жүздері бал-бұл жанып, мәре-сәре болып қалды. – Жиырма алты жылдан бері кәсіпорынға басшылық етіп келемін. Біздің тарихымызда сіздер алғаш рет мерекемізбен құттықтап отырсыздар. Тасада қалған тігіншілерді елеп-ескергенде-ріңізге рахмет,– деді Қазақ саңыраулар қоғамының Қостанай оқу-өндірістік кәсіпорынның директоры Владимир Воронин.
 
Қымбат Досжанова
Суретті түсірген Айбек Жүзбай.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓