Ағайындылар теннисте топ жарды
Ата Заңның 20 жылдығы мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған ашық республикалық турнир Елордадағы Ұлттық теннис орталығында өтті. Елдің түкпір-түкпірінен келген теннисшілер бәсекеге түсті. 30 жастан жоғары спортшылар ішінде лисаковтық Леонид Папертный бірінші орынды қанжығасына байлап қайтты. 40 жастан жоғары деңгейдегі қыруар теннисшілер ішінде Валиерий Папертныйдің бесінші тұғырдан көрінгенін де айта кетуіміз керек.