Шағын несие алушылар көбейген
Алтынсарин. Бүгінде ауылдық жерлерде шағын кәсіпкерлікке жұртшылықтың ынтасы жыл санап артып келеді. Әсіресе, “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасының екінші бағыты арқылы шағын несие алып, өз кәсібін дөңгелентіп жатқандар саны көбеюде. Алтынсарин ауданында да аталған бағдарлама жүзеге асырылғалы бері 52 адамға жалпы көлемі 73 млн.300 мың теңге шағын несие берілген. Ал, биылғы жылы 19 бағдарлама қатысушысы шағын несие алуға өтініш білдірсе, соның алтауына 8 млн.350 мың теңге несие берілген.