Өңіріміздегі кәсіпкерлер палатасы шетелмен іскерлік ынтымақтастық орнату мақсатында Үрімші қаласындағы (ҚХР) «Huaht International» консалтингтік бизнес-компаниясымен әріптестік келісім жасасты.
Қол қойылған құжатқа сәйкес екі елдің кәсіпкерлері тікелей іскерлік байланыста болып, стратегиялық инвесторлар іздестіру барысында бір-біріне белсенді түрде көмектеседі. Жаңа бірлескен кәсіпорын ашуға, Қазақстан мен Қытай нарығына тауарлар мен қызмет көрсетудің жылжытылуына келісті.