Сарыкөл ауданында үш сүт-тауар фермасы ашылады

Сарыкөл ауданында үш жыл ішінде 10 миллиард 550 миллион теңгеге үш инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Бұл туралы бүгін  аудан әкімі Амантай Балғарин  халықпен өткізген есептік кездесуінде айтты.
Оның  айтуынша, жобалар аясында үш сүт-тауар фермасы салынады. 
-2023 жылы «Капанадзе Г.Л.»  шаруа қожалығы Маяк ауылында 50,0 млн теңгеге 500 тонна сүт өндіретін сүт-тауар фермасын салып, оны 100 басқа дейін кеңейтпек. Бес адамды жұмыспен қамту көзделеді. Келесі жылы «Олжа Арыстан ПК» ЖШС Крыловка ауылында 10 млрд теңгеге 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасын салуды жоспарлап отыр. Жылына 14 мың тонна сүт өндіретін фермада 69 жұмыс орны құрылмақ. Ал 2025 жылы «Алахвердиев» шаруа қожалығы Севастополь ауылында 500 млн теңгеге 400 басқа арналған сүт-тауар фермасын салуды көздеп отыр. Жылына 2 мың тонна сүт өндіретін фермада 10 жұмыс орны ашылады, – деді Амантай Кәкімбекұлы. 
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың алғашқы айларындағы кездесулер Комсомол ауылынан басталып, Тәгіл және Севастополь ауылдық округтерінде жалғасты. Онда атқарылған жұмыстар, алдағы уақытқа арналған жоспарлар айтылып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.  
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓